қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.11.2020

Студенттер мен оқытушылар психологиялық көмек курстарынан өтті

 

2020 жылдың қараша айында университеттің 2020-2021 жылғы оқу бағдарламасы бойынша Студенттік ректораттың бастамасымен «Қашықтан оқыту форматында студенттер мен оқытушылар арасында психологиялық дағдылары мен мәдениетін жетілдіру» тақырыбында курстық семинарлар ұйымдастырылды.


Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің әрбір институтпен бекітілген кездесу кестесінің негізінде, академиялық оқу бағдарламаларының сабақтарынан тыс жұмыс күндері сағат 15.00-де және сағат 16.30-да, ал сенбі күндері сағат 12.00-де, 14.00-де екі кездесуден құралған психологиялық курстар zoom платформасында өткізілді.


Бұл жобада Психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Ж.Ы.Намазбаева, практик-мамандары Т.Ш.Исабекова, Е.В.Давиденколар үш түрлі топқа - эдвайзерлерге, профессор-оқытушылар құрамына, бірінші курс студенттеріне арнайы бағдарланған психологиялық-әдістемелік бағдарламалары аясында семинар жүргізді.


Алғаш рет өткізіліп отырған екі апталық психологиялық курстық семинарлардың нәтижесінде барлығы 1000 адам, оның ішінде курстық семинарға - 173 эдвайзер, 241 профессор-оқытушылар, 586 бірінші курс студенттері қатысты.

Психологиялық-педагогикалық әдістемелердің жыл санап жаңарып отыруына байланысты, психолог мамандар субьектілерінің, яғни студент, оқытушы, эдвайзердерге тиесілі бақылау, сараптау, танымдық білім, пікір алмасу, рухани білімін бағыттау т.с.с. қажетті психологиялық-консультациялық жұмыстары дер кезінде орындалып отырғанымен маңыздылығын арттырды. Психологиялық көмек көрсету орталығы мамандарының университеттік деңгейде қазіргі пандемия жағдайында қашықтан оқыту үдерісіндегі жан-жақты ғылыми, практикалық, танымдық, ағартушылық ақпараттары өзінің адрестік көмегі тыңдаушылар тарапынан әсерлі түрде қолдауын тапты.


Алдағы уақытта аталған бастаманы еліміздегі оқу мекемелерінде, әсіресе, мектеп пен бала-бақшаларда инклюзия, психология, педагогика, физиология мақсаттарында арнайы семинарлар, консультациялық көмек көрсету бағытында коммерциялық немесе коммерциялық емес негізде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жоғарыда көрсетілген курстық семинарларға сәйкес оқытушылар құрамынан қатысушыларға 72 сағаттық сертификаттар, ал университеттің Психологиялық көмек орталығы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне ректордың алғыс хаттары табысталды.