Главная
Новости
16.11.2020 Гонконг Педагогикалық университеті білім беру және тұлғаны дамыту факультетінің өкілдерімен кездесу
2020 жылдың 13 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Интернационалдандыру стратегиясы мақсаттарын жүзеге асыру аясында Гонконг Педагогикалық Университетінің Білім және тұлғаны дамыту факультетінің өкілдері профессор Лим (Prof Cher Ping LIM), Халықаралық қатынастар факультетінің деканыЛотти Танг ханым (Ms Lottie TANG), факультет жобаларының менеджері және доцент доктор Эллен Чжанг мырзамен (Dr Ellen ZHANG) Zoom платформасы арқылы онлайн-кездесу ұйымдастырды.
Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы ретінде қатысқан: стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор профессор Ақтолқын Құлсариева, ғылым және ақпараттандыру жөніндегі проректор профессор Саябек Сахиев, Жаратылыстану және география институтының директоры профессор Күләш Қаймулдинова, Педагогика және психология институтының директоры профессор Ғалия Абаева, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Маржан Таджиева және Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің бастығы доктор PhD Баян Сапарғалиева.
Кездесу барысында Гонконг педагогикалық университетінің делегациясы білім беру және жеке тұлғаны дамыту факультеті туралы презентация жасады. Бұл факультетте білім беру мен психология саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін, сонымен қатар мектеп пен балабақша мұғалімдерінің біліктілігін арттыратын 7 педагогикалық орталық бар.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін, оның ішінде білім алмасу, мүмкін болатын бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламалар, профессорлық-оқытушылық құрамның бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі және докторанттардың ғылыми тезистерінің бірлескен көшбасшылығын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Халықаралық қатынастар департаменті |