Главная
Новости
16.11.2020 Халықаралық ғылыми жобаның қазақстандық қатысушылары БСБЕҚ конференциясында баяндама жасады
2020 жылдың 13 қарашада Мәскеу қаласында БСБЕҚ (Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының) онлайн-конференциясы ұйымдастырылды, оған оқу дағдыларын зерделеуге арналған Қазақстан-Ресей халықаралық жобасының қатысушылары - Инна Антипкина (Жоғары экономика мектебі, Мәскеу қ.), Мадина Абаева (Абай атындағы ҚазҰПУ) және Марина Асылбекова (Алматыкітап баспасы) қатысты.
Жоба қатысушылары «Орыс тілді мектептердегі қазақстандық оқушылардың оқу дағдыларын қашықтықтан ауқымды бағалау тәжірибесі: CОVID-19 бойынша карантин жағдайында деректер жинау» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Баяндамада бұл құрал Қазақстандағы бірінші сыныптар үшін орыс тілінде оқуды бағалаудың жалғыз стандартталған құралы болып табылатыны атап өтілді (Алматы қ.орыс тілінде оқытатын мектептердің 1000-нан астам оқушысы).
Жоба авторлары пандемия кезінде тестілеудің ерекшеліктері туралы негізделген қорытынды жасады.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |