қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.10.2020

Қазақстандық, ресейлік ғалымдар мен Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдері

өзекті зерттеуді жалғастыруда

 

2020 жылдың 7 қазанда бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын өлшеуге арналған (Абай атындағы ҚазҰПУ және Мәскеу қ. Экономика жоғары мектебі) Халықаралық ғылыми жобаның қатысушылары өткен оқу жылында осы зерттеудің бірінші кезеңіне қатысқан Алматы қаласының мектеп мұғалімдерін вебинарға шақырды.

 

Вебинарды Экономика жоғары мектебі Білім беру институтының білім берудегі психометрия және өлшеу орталығының ғылыми қызметкері Инна Антипкина жүргізді. Ол кездесуге қатысушыларға зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижелері туралы еске салып, олармен екінші кезеңнің міндеттерін талқылады: бір жыл бұрын экспериментке қатысқан балалардың оқу дағдыларындағы жетістіктерін тексеру қажет екендігін ескерді.

 

Мұндай тексеру алғаш рет қашықтықтан өтеді, бірақ жобаға қатысушылар, мұғалімдер мен сұхбат алушы студенттер туындаған техникалық және ұйымдастырушылық қиындықтарды жеңуге дайын. Бұл туралы вебинарда жобаның аймақтық үйлестірушісі, доцент Мәдина Абаева айтты.

 

Жоба жетекшісі қазақстандық тараптан орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева бұл зерттеудің Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін өзектілігін атап өтіп, оның таяу келешегін көрсетті.

 

Ғалымдардың, мұғалімдер мен болашақ педагогтардың шығармашылық одағы қазірдің өзінде нақты нәтижелер көрсетуде.

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы