қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
29.05.2020

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдеріне тән ортақ құндылық

 


ZOOM платформасында өткен онлайн-семинар «Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігін құрастыру» тақырыбына арналды. СеминардыАбай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі М.Б. Асанбаев өткізді.

 

Онлайн жиында кафедра оқытушылары, магистранттары және PhD докторанттары қатысқан онлайн іс-шара барысында екі көрші жатқан аймақты ортақ тарихи және әлеуметтік-мәдени кеңістікке бейімдеу және оларды жаңа саяси және әлеуметтік шынайылыққа топтастыру арқылы бірыңғай Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігі моделінің үлгісі жасалды.

 

Семинардың қорытынды бөлімінде Каспийдің бергі және арғы жағалауында тұратын халықтар өркениетінің айырмашылықтарына қарамастан, оларда ортақ ауқымды құндылықтар жиынтығының бар екендігі айқындалды. Бұл өз кезегінде жаңа әлеуметтік-саяси шынайылықты және ортақ әлеуметтік ортаны қалыптастыра алатын үлгі бола алады.

 

 

29.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz