қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.05.2020

Халықаралық мега-сабақ

 

   

 

2020 жылдың 19 мамырында өзін-өзі оқшаулау жағдайында «Физикадан алған білім адам өмірі мен оның денсаулығын сақтауға қалай көмектеседі?!» тақырыбында ең алғашқы халықаралық интеграцияланған мега-сабақ өтті.

 

Мега-сабақ В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің информатика және білім берудегі ақпараттық технологиялар кафедрасы мен (Ресей, Красноярск қ.) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы жанындағы Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасының ұйымдастыруымен өткізілді.  

 

Мега-сабаққа Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің мектептері қатысты:

1. «Тұран» мектеп-лицейі, информатика пәнінің мұғалімі Даутова Т.К. (Алматы қ.)

2. С.А. Ходжиков атындағы №39 лицей, информатика пәнінің мұғалімі Тулемисова Г.Н. (Алматы қ.)

3. Кәсіпкерлер мектебі, информатика пәнінің мұғалімі Дьякова Н.Е. (Алматы қ.)

4. №9 гимназия, информатика пәнінің мұғалімі Потупчик Е.Г. (Красноярск қ.)

5. №14 гимназия, информатика пәнінің мұғалімі Петраков Е.В. (Красноярск қ.)

 

Жетекші координаторлар: Красноярск қаласының №9 гимназиясының мұғалімі Буракова А.Н. және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы Аккасынова Ж.К. Сарапшылар рөлін В.П. Астафьев атындағы КМПУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы атқарды (Яковлева Т.К., Камалова Г.Б., Хегай Л.Б., Ивкина Л.М., Дорошенко Е.Г.).

 

Барлық мега-сабақ қатысушыларының өзара әрекеттесуі Zoom видеоконференция платформасы негізінде ұйымдастырылды.

 

Мега-сабақ барысында мектеп оқушылары су тасқыны, жер сілкінісі, тайғақ, инерция, күн сәулесі тақырыптарында әртүрлі онлайн сервистердің көмегімен ақпараттық видеороликтер, анимациялар, буклеттер, презентациялар жасаумен айналысты. Осындай ақпараттық өнімдер жасау барысында олар мүмкін қауіп-қатерлерді физика тұрғысынан түсіндіріп, олардың салдарынан болатын мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

 

Оқушылар информатика сабағының осындай форматта өтілуін өте жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Ал, мектеп мұғалімдері, өз кезегінде, осындай іс-шараға қатыса отырып, өздерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік алғандарын алға тартты.

 

Ұйымдастырылған мега-сабақ мәжбүрлі қашықтықтан оқыту жағдайында Мега-сынып білім беру технологиялық платформасының әлеуетінің айтарлықтай жоғары екендігін көрсетті.