Главная
Новости
19.05.2020 Тарих және құқық институтының 2020 жылы бітіруші түлектермен кездесу
2020 жылдың 18 мамыры күні Тарих және құқық институты директоратының ұйымдастыруымен 2020 жылдың бітіруші түлектеріне арналған магистратураға және докторантураға түсу талаптары мен ережелерін түсіндіру мақсатында ZOOM бағдарламасы арқылы вебинар өткізілді. Вебинарға 4 курс студенттері, 2 курс магистранттары, профессор-оқытушылар, институт директораты мен Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы қатысты.
Вебинар барысында институт директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин талапкерлердің құжаттарын қабылдау және магистратура мен докторантураға тапсырудың талаптары мен ережелерін, магистратураға түсудің кешенді тестілеу құрылымы, бітіруші түлектерге ақылы бөлімге түскен жағдайда университет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жөнінде слайд арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дария Асымова мен Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы сөз кезегін алып, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер туралы, Халықаралық тілдік сертификаттардың қажетті деңгейі, шекті балл және құжат тапсыру мерзімі туралы ақпараттар берді.
Тарих және құқық институты |