қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.04.2020

Биология пәндері бойынша қашықтан оқыту үдерісін жоспарлау және бағалау

 

2020 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті нің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының ұйымдастыруымен «Биология пәндері бойынша қашықтықтан оқыту үдерісін жоспарлау және бағалау» республикалық ғылыми-әдістемелік вебинары өтті.

 

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректор А.А.Сәтмырзаев, Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д.Каймулдинова, сондай-ақ, АҚ «ӨРЛЕУ» БАҰО» филиалдарының өкілдері, Абай атындағы ҚазҰПУ және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және т.б.) қатысты.

 

Вебинар барысында биологиялық пәндерді зертханалық сабақтарда қашықтан оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, білім берудегі цифрлық технологиялар, қашықтан оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

 

Іс-шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану институтының доценті А.Т. Байкенжеева, Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының профессоры А.М.Бабашев пен доценті И.П. Загриценко, оқытушылары Р.А. Аманжолов, М.А.Башенова, докторант Н.У. Нұрғалиев баяндама жасады.

 

Вебинар ұйымдастырушылары - Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д.Каймулдинова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қ.А.Жұмағұлова, биология кафедрасының меңгерушісі М.Б.Жақсыбаев, профессор Д.Қ.Айдарбаева, аға оқытушылар М.Б.Аманбаева, А.Д.Майматаева,

Т.О.Алтынбек, А.С. Иманғазы.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Биология» кафедрасы