Главная
Новости
08.04.2020 Профессор У. М. Әбдіғапбарованың қашықтан оқыту жағдайындағы вебинарлары
«Білім берудегі өлшеу құралдарын жобалау» пәні бойынша профессор У. М. Әбдіғапбарова 2020 жылдың 16 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «7М011-Педагогика және психология» мамандықтарына (Педагогикалық өлшеулер, 1 курс): - 2 семинар - 17 наурыз «Білім беру сапасын басқарудағы өлшемдердің аралас модельдері»;31 наурызда «Білім беру жүйесінің өлшеу обьектілеріне мониторинг» өткізді.
Профессор Ұ.М.Әбдіғапбарованың whats app, g@mail, univer, интернет желілері негізінде магистранттармен жүйелі кері байланыс жүргізуі нәтижесінде осы сабақтардың барлығына магистранттар толық қатысты және белсенділік танытты. Ол бейнедәрісте ZOOM желісінде өз шеберлігімен түрлі презентациялар мен бейнедиаграммаларды қолданып, толыққанды сабақ өткізді.
Вебинар форматында жүргізілген семинар жұмыстарында магистранттар берілген практикалық тапсырмалар бойынша өздерінің мини-зерттеулерін, негізгі түйінді ойларын 3 минуттан аспайтын уақытта дәлелді бейнематериалдармен (презентация, бейнесюжет, сурет, картина, кесте және т.б.) қорғап шықты. Пікір алмасулар, талқылау, қорытынды жасалды. Бұл қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың пәндер бойынша толыққанды білімді игеруге мүмкіндігінің кең екендігін көрсетеді.
Педагогика және психология кафедрасы |