қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2020

Қашықтан білім беру мүмкіндіктері

 

Әлем деңгейінде болып жатқан індетке байланысты Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отандық білім беру жүйесі қашықтан оқыту форматына көшті. Мамандар интернет -ресурстарының қолайлысын сабақ өткізу барысында қолдануда. Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенованың жетекшілігімен кафедра мүшелері заман талабына сай интернет ресурстарын сабақ өту барысында қолдануда. 2020 жылдың 3 сәуірінде кафедраның аға оқытушысы Гулсамал Дюсембина «6М012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранттарына «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» пәні бойынша практикалық сабақ өтті. Сабақ On-line форматта ZOOM-онлайн конференция бағдарламасы арқылы жүргізілді.

 

«Мәдениеттің ғаламдану дәуірінде өзгеріске ұшырауы. Сэпир-Уорф гипотезасын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында интерактивті сабақ түрінде ұйымдастырылған. Сабақ барысында магистранттар баяндамаларын ғылыми жоба түрінде қорғап, жаһандану жағдайындағы мәдениеттану, ұлттық құндылықтар, аудармашылардың кәсіби этикеті сияқты өзекті мәселелері бойынша ойларын ортаға салды. Заманауи технологияларды қолдана отырып, жүргізілген сабақ өте тартымды, өзара пікірталас пен сұрақ-жауаптарға ұласып жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы