қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.02.2020

Бірлік пен білімді алға қойған жастармыз!

 

   

 

Бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жиырма сегізден астам ұлт-диаспоралар өкілдерінің білім алушылары білім алуда.

Осы орайда университетте арнайы әр түрлі ұлттардан құралған институт студенттерінің ортақ бейнеролигі студенттердің күшімен даярланып шықты. Аталған бейнежобада -«Ауызбіршілік пен тұрақтылық - еліміздің басты құндылықтары»,«Біз - бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолындағы жастармыз!»,«Абай университетінде ынтымағы жарасқан түрлі ұлт-диаспоралардың студенттері оқиды!»,«Мы будущие учителя страны, не делим своих учеников на нацию!», «Діні мен тілі бөлек достарыммен, жылуы бір жатақханада тату тұрамыз!»,«Мы ценим крепкую дружбу!»,«Бірлік пен білімді алға қойған жастармыз!» атты ұлтаралық және мемлекеттің даму жолындағы басты құндылықтардың тетіктерімен ұранды сөздері қолданылды.

 

Бейнероликтің мазмұнды түйіні университетіміздің Студенттік ректорат ректоры Қуаныш Төрегелдиевтің ақын, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Кетті бірлік» деген өте сирек жариялымда жүрген бірлік пен ынтымақтастық жайында жазылған өлеңімен тәмамдалады.

 

Аталған шығарманың келесі өлең жолдары - «Кетті бірлік, сөнді ерлік,

 

Енді кімге беттемек?

 

Елің - ала, отты шала,

 

Тайса аяғың, кім көмбек?» деген, Абай атамыздың сөздері қазіргі кезде де өзінің өзектілігін жоймағандығын көрсетеді.

 

Бейнероликтің кульминациялық соңы - «Бірлігі жарасқан елге қонған бағымызды қадірлей білейік!» деп аяқтаған студенттер қауымы, әрбір жағдайда еліміздің тұрақтылығы - бейбітшілік пен ұлтаралық достықтың мызғымастығына толағай сенімділіктің биік тұруына байланысты екендігін білдіре кетеді. Міне, осылайша Абай университетінің білім алушылары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбавтың татулық пен ұлтаралық достықтың қағидаларын мемлекеттік стратегиялық даму үлгісінде жоғары дәрежеде қабылдауда.

 

Бірлік пен білімді алға қойған жастармыз!