қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы

Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ:

Мен Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы 17.01.1969 жылы, Қызыл-Орда қаласында туылғанмын. 1985 жылы  Шымкент қаласындағы №25 орта мектепті бітіргенмін. Отбасы жағдайым: Тульбасов Абубакр есімді ұлым бар.

1990-1992 жылдары - №24 орта мектепте, математика және информатика пәні мұғалімі (Шымкент қаласы);

1992-1994 жылдары - Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының "Жаратылыстану пәндері және математика" кафедрасының аға оқытушысы  (Шымкент қаласы);

1994-1997 жылдары - Х.А.Ясави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспиранты (Шымкент қаласы);

1997-1999 жылдары - Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының инновациялық технологиялар зертханасының меңгерушісі (Шымкент қаласы);

1999-2000 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтының ғылыми хатшысы (Алматы қаласы);

2000-2001 жылдары - Республикалық ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының (РИПКСО РК), Информатика кабинетінің меңгерушісі (Алматы қаласы);

2001-2004 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтының директорының орынбасары (Алматы қаласы);

2004-2010 жылдары - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының, жалпы кәсібибілім беру факультеті деканының орынбасары; Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті (Алматы қаласы);

2010 жылдан - қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ "Информатика және білімді ақпараттандыру" кафедрасының доценті  (Алматы қаласы).

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

М.Әуезов атындағы ШПИ,

Шымкент қаласы

Математика, информатика жəне ЕТ мұғалімі

1990 жыл

Х.А.Яссави атындағы

ШБ ХҚТУ, Аспирантура

Зерттеуші

1997 жыл

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреже атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.01- Педагогика теориясы және тарихы

№0007689  ҚР БҒМ ЖАК 2000 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақтың атауы

Берілген күні

Доцент

№ 0005675 ҚР БҒМ ЖАК 2004 жылғы 23 қаңтардағы шешімімен 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері;

Бағдарламалау тілдері мен технологиялары;

Бағдарламалау;

Жүйелік бағдарламалау;

Білім берудегі цифрлық технологиялар;

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ:

Зерттеу тақырыбы: Педагог кадрлерді даярлау және білім беруде цифрлық технологияларды қолдану мәселелері.

Жарияланымдар саны: 60-ден астам ғылыми, оқу-əдістемелік еңбектері жарияланған, оның ішінде 1 монография, Scopus халықаралық ғылыми базада мақала - 3, h-индекс Хирша - 1. (соңғы 5 жариялым):

1. Akhmetova, Z.A., Issabayeva, D.B., Rakhimzhanova, L.C., Tulbassova, B.К., Developing a Culture of Academic Integrity in Examinations in a Distance Learning Environment. International Journal of Information and Education Technology, 2022, 12(11), pp. 1229-1236, Scopus, Процентиль 43.

2. Халықова К.З., Идрисов С.Н., Тульбасова Б.Қ. Педагог мамандардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселелері// Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы №3(75), 2022. 149-156 бб.

3. Тульбасова Б.Қ., Салыкова А.Н. Цифрлық білім ресурстарын орта мектепте қолдану ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №2, 2020, 227-231 б.

4. Тульбасова Б.Қ. Функция графигін тұрғызуда MathCad компьютерлік жүйесін қолдану әдістемесі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №1, (65), 2019, 321-326 б.

5. Тульбасова Б.К. Вопросы внедрения цифровых образовательных ресурсов при подготовке будущих учителей. Вестник КазНПУ им.Абая, Серия «Физико-математические науки», №2, (62), 2018, стр. 187-190

 

МАРАПАТТАР:

Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Куəлік №868 13.12.2018 ж.

 


← Вернуться назад