қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.02.2020

«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аяқталуы


2020 жылы 12 ақпанда Қазақстандағы Еріктілер жылы аясында Абай университетінде және №1 Алматы облыстық балалар үйінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы, «Бөбек» балалар қорының негізін қалаушы және президенті, Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.


Іс-шараның ашылуында Балалар үйінің директоры Гүлмира Қонысбаева мен «Мейірім» клубының жетекшісі Гүлбахира Ширинбаева барлық қатысушыларды құттықтап, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Олар Жастар жылында жүзеге асырылған «балалар үйі - жоғары оқу орны» жүйесі бойынша ынтымақтастықта волонтерлік жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік берген онкүндіктің рухани-адамгершілік және әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.


Онкүндік барысында барлық студент-практиканттар «Мейірім» клубының ерікті-студенттерімен бірлесіп, кунделікті С.А.Назарбаеваның қызметіне арналған, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізді. №1 Алматы облыстық балалар үйінің барлық шаралар мазмұнын «Өзін-өзі тану» бағдарламасының түрлі аспектілеріне интеграциялау арқылы әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жетілдірді.


Өткізілген шаралар қорытындысы бойынша балалар үйінің топтарында тәрбиеленушілер арасынан үздік командалар анықталды. Олар «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Ішкі тыныштық», «Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылықтардың символын көрсетті.


Команда мүшелері түрлі жағымды ойға келу формаларын қолданып өткізген «Жанымызда, әрқашан күн болсын!» тақырыбындағы әңгімелеу-сабағынан көп мәлімет алды. Осы тұста, ғаламшар, табиғат, қоғам тұтастығы туралы идеялар креативті тұстарымен ерекшеленді.


Студенттер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері Сара Алпысқызына арналған рухани-мазмұндық тереңдігімен ерекшеленетін сахналық көріністер көрсетті, ән айтып, керемет музыкалық және флешмоб-би номерлерін ұсынды.


Бұл нұрлы күн, бәрімізді, біз өмір сүріп отырған әлемге деген сүйіспеншілігімізді, жақсы, мейірімді болуға ұмтылуға біріктірді. «Өзін-өзі тану: рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасында жан жақты айтылатын жалпыадамзаттық құндылықтарды және гуманистік идеяларды тарату нәтижесі болды. Сондықтан да, біз осы бағдарламаның авторына арнайы: «Рахмет, құрметті Сара Алпысқызы!» деп айтамыз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


«Мейірім» еріктілер клубы