Главная /
СМИ о нас
24.01.2020 «Педагог мамандарды даярлау: проблемалары мен болашағы» онлайн-вебинары
2020 жылдың 23 қаңтарында Педагогика және психология институтында мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс студенттері Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетімен бірлескен ««Педагог мамандарды даярлау: проблемалары мен болашағы» тақырыбында вебинар (on-line режимде) ұйымдастырды.
Секция отырысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші мамандары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және оқу әдістемесі» кафедрасының ұжымы қатысты.
Республикалық on-line-вебинар барысында Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова және директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов қатысып, білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін және 4 курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибеден бір жыл көлемінде өтетіндігі және жұмыс өтілі қосылатындығы, жұмысқа тұрудың оңтайлы тұстары қарастырылғандығын жеткізді. Кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева «Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастық-болашақ педагогтерді кәсіби даярлаудың алғышарты» тақырыбында өз ойын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Аға оқытушы Айгүл Ахметова «Әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану мұғалімдерін дайындау бойынша білім беру бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында өз баяндамасын жасады.
«Stakeholder» талабына сай педагог мамандарды даярлау мәселелері қызу талқыланды. Вебинар нәтижесінде әріптестер аталмыш диалогтық алаңдарды on-line форматында жүйелі жүргізу туралы бірауыздан шешім қабылданды.
|