Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
21.04.2017
«ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ» КОНЦЕПЦИЯСЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл экономикаға» өту концепциясын жүзеге асыруда белсенді қосылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сияқты бастамаларын әрқашанда қолдайды. Осыған орай ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні Қазақстан географиясы және экология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Г.Е. Жантееваның жетекшілігімен «Қазақстанның оқу орындарында жасыл кеңсе қағидаларын енгізу» жобасы аясында университетіміздің Тәрбие басқармасы, Жаратылыстану және география институты, Педагогика және психология институты бірлесе «Жасыл университет» концепциясын қолдаймыз!» атты экологиялық акция мен флешмоб ұйымдастырды. Одан әрі бұл шара Жаратылыстану және география институты ғимараты алдында жалғасын тапты. Студенттер табиғат пен әсем қаламызға деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін флешмоб арқылы жеткізді. Сондай-ақ аталмыш акцияда қарапайым қала тұрғындарын қала тазалығын сақтауға үгіттеу, экологиялық таза қала көрінісін қалыптастыруды насихаттау шаралары мен ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тапқаны айдан анық.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқарма
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|