қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
25.11.2024

Ұлттық киім кию күні ұйымдастырылды


2024 жылдың 22 қарашасында университет қызметкерлері мен студенттер арасында ұлттық киім киюді дәріптеу мақсатында әр аптаның сейсенбі күні ұлттық киім күні болып бекітілді.

 

Ұлттық киім күні - бұл халықтың дәстүрлі киімдерін насихаттау мен құрметтеу мақсатында белгіленген күн. Бұл күн ұлттың мәдениеті мен тарихын, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтап қалуды мақсат тұтады. Ұлттық киімдер әр халықтың тарихы мен дәстүрлерін, қоршаған ортаны, әлеуметтік құрылымды, дін мен рухани құндылықтарды көрсетеді.

 

Ұлттық киім күні - өз халқымыздың киім үлгілерін дәріптеп, бүгінгі қоғамда олардың маңыздылығын көрсету. Бұл күнде студенттер мен университет қызметкерлері ұлттық киімдерін киіп, оны дәріптеуге ат салысады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім




Кері оралу