қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
21.02.2025

Діни ақпараттық-түсіндіру тобы студенттермен кездесті


2025 жылдың 18 ақпанында Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобы студенттермен кездесті.


«Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты - жастардың бойында экстремизмге қарсы сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ білім алушылардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.


Кездесу спикері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының өкілі, дінтанушы Сұлтан Абдрахманов болды.


Өз кезегінде спикер жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беріп, діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсетті. Сонымен қатар әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ақпараттармен бөлісіп, Қазақстанда терроризмге қарсы іс-шаралар жеткілікті межеде жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Шара соңында студенттер діни қауіпсіздік, экстремизм мен терроризм жайлы өз пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты.


Айта кетейік, аталған тақырыпта түсіндірме жұмыстары университеттің барлық жатақханалары мен оқу корпустарында жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу