қазақша · русский · english
   
Түлектерді жұмыспен қамту

 

Институт бітіруші студенттердің жұмысқа орналастыру туралы арнайы 2 томдық құжаттар салынған папкасы бар. Папкада жобалар, есептер, мектептермен келсімшарттар, жұмыс берушінің анкеталары, бітірушілердің анкеталары, студенттердің жоғарғы оқу орнын бітіру туралы  анықтамалар, мектептерден шақыру анықтамалары, ауылдық квота бойынша оқитын студенттер, бітіруші студенттер туралы мәліметтер және тағы басқа тіркелген.

№123 орта мектеп, №175 Жаңа ғасыр, М.Мақатаев атындағы №140 орта мектеп, арнайы (түзету) мектептері №1, 5, 3, 7 және басқа да мектеп басшыларынан (директорларынан) арнайы анкеталық сұрақ-жауап алынып турады.  Сонымен қатар, институт Алматы қаласының  Білім басқармасы біліктілігін жетілдіру және мамандарды қайта даярлау жүйесі қалалық институтымен байланысты көздеп отыр.

Арнайы «Жанұя» мектеп кешенінің директоры Шалғынбаев Т.М. институтымыздың арнайы педагогика кафедрасының МАК төрағасы, және де мектепке дейінгі мекемелердің оқытушы -педагогтары бітіруші студенттердің диплом жұмыстарына рецензент болады. Көбіне №57, 64 балабақша  тәрбиешілері, №128, 140, 175, 123, 105, 34, 64 бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс жасайды.  

Бітіруші студенттеріне практикалық тәжірибеден өтуімен қатар жұмысқа орналасуына көп мүмкіндіктер бар. Сонын ішінде мына мамандықтарға сұраныстар басым: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Дефектология, Педагогика және психология және Психология  мамандықтары. Мәселен, №123 орта мектеп өзінде бастауыш сынып мұғалімі болып 5 түлек, № 140 орта мектебінде - 6 түлек жұмыс жасап жүрсе, №173 мектеп- лицейінде 7 түлек жұмыс жасайды.

Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын институтта мектеп  басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар,  әр жылдың желтоқсан мен наурыз айларында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оның мүмкіндіктері мен жеңілдіктері, құқықтары жөнінде түсіндірілсе, ал сәуір айында бітіруші түлектерді мектептерге бөлу жұмыстары жүргізіледі. Ал оқу жылы соңында бітіруші түлектердің жұмысқа орналастыру жөнінде есеп беріліп отырады.

Ұсыныстар мен ескертулер:

-         Жұмыс берушілерді элективті курс және жұмыс оқу бағдарламаларын құрастыруға қатыстыру;

-         Ауылдық білім мекемелеріне квоталар бөлінеді, бірақ ауыл квотасымен оқыған студент квота бойынша жұмысқа орналаса алмайды.