Инновациялық технологиялар лаборатоиясы
ЗЕРТХАНА ТУРАЛЫ
Инновациялық технология зертханасы 2009 жылдың аяғында құрылды. Инновациялық технология зертханасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы қолданбалы физика және математика ғылыми - зерттеу институтының ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады және өз алдына энергияның жаңғырмалы көздерін пайдаланудың, энергияны үнемдеудің және энергияның баламалы көздерінің түйінді фундаментальды және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатын қояды. Ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және өңдемелерді коммерциализациялауды іске асырады.
Қолданбалы физики және математика институты жанындағы инновациялық технология зертханасының құрылымы
Зерттеу нәтижелері: алыс және жақын шетелдердің ғылыми баспаларында шыққан мақалалар; конференцияларға қатысу. Зертхана ашылғаннан бері зертхана қызметкерлері Ресей, Украина, Чехия, Польша, Болгария, Біріккен Араб эмираты және басқа да шетелдерде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып 13 мақала бастырды.
2012 жылы импакт-факторлы ғылыми журналдарға шыққан мақалалар:
URL: www.rae.ru/snt/?section=content&op=show_article&article_id=10000329
3. Лысенко В.С. Пралиев С.Ж., Сүлейменов Б.Т., Баубеков С.Д. Анализ инерционного механизма. "Современные наукоемкие технологии" журналы 20-23 бб. Мәскеу №12 2012. URL: www.rae.ru/snt/?section=content&op=show_article&article_id=10000339
4. Лысенко В.С. Пралиев С.Ж., Сүлейменов Б.Т., Мунасипов С.Е. Кинетическая энергия вихревых образований и альтернативная энергетика. "Успехи современного естествознания" журналы Мәскеу №12 2012.
ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Инновациялық бағыт бойынша бірінші кезектегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар таңдап алынды:
Инновациялық технология зертханасы 2012 жылы мына мәселелер бойынша жұмыстар жасады: суағарлар мен гидродинамикалық жүйелердегі (турбиналар, насостар және т.б.) гидравликалық шығынды азайту; құйындық әсерді теориялық зерттеу; табиғи құйындық құрылымдардағы (торнадо және смерч) кинетикалық энергияның динамикасын талдау және құйындық эффектіні практикада қолдану; әртүрлі кинематикалық айналыстағы механизмдерде инерцияның ортадан тебу күштерінің таралу заңдылықтарын теориялық зерттеу; инерцияның ортадан тебу күштерін практикада қолдану және стендтік зертханалық зерттеулер. Сонымен қатар вертикаль осьтік айналыстағы желдвигательдерін жетілдіру саласында теориялық және эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл үшін желдвигательдерінің макеттері дайындалды және олардың тиімділігін 15-25%-ға арттыруға мүмкіндік беретін жетілдіру концепциясы өңделді. Бұдан басқа индуктивтік электр кернеулеріндегі резонанстық құбылыстарды зерттеу жүргізілді. Индуктивсіз трансформатордың принципиалды схемасы және асинхронды электрдвигателі базасында тоқ генераторы өңделді. 2012 жылы қуаты 3 кВтқа дейінгі микро ГЭСтің тәжірибелік үлгісі жасалынды және ол ЖШС«Сервис ТАУ СУ» суқұбырында сынақтан өтті. 2013 жылы қуаты 5 кВтқа дейінгі микро ГЭСтің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасауда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, оны нақты суағарға ендіру, кешенді өндірістік және эксплатациялық сынақтан өткізу жоспарланған. Осының бәрі өңдемелерді коммерциализациялауға мүмкіндік береді және кешенді микро ГЭСті өндіріске енгізуге база құрады. Жобаларды коммерциялық іске асыру күрделі қаржыландыруды қажет етеді. Осы мақсатта зертхана БҒМ Ғылым комитеті, ұлттық инновациялық қор, сондай-ақ әкімдіктер ұйымдастыратын инновациялық жобалар конкурстарына белсенді түрде қатысып келеді.
БАЙЛАНЫС Лысенко Виктор Степанович жұм.тел. +7(727)2726818, моб. +7 777 3625910, E-mail: vikstel.777@mail.ru Алматы қ-сы, Төле би көшесі 86 физматтың оқу ғимараты
|