физика-технологиялық оқу-ғылыми орталық
Абай атындағы ҚазҰПУ физика-технологиялық оқу-ғылыми орталығы. (экспериментті физика лабораториясы) 1985 жылы оқу-ғылыми зерттеу және технологиялық жұмыстар өткізу үшін құрылған. ОҒФТО Қолданбалы физика және математика институтының құрамына кіреді. ЦК КПСС мен КСРО қаулысына сәйкес 1989 жылы Абай атыдағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қуатты ренткен лазерлер жасау бойынша жұмыстар өткізу үшін ЭЛУ -6 электрондарды сызықты үдеткіш жер асты корпусы салынған еді, ол 1989 жылдың желтоқсанында пайдалануға (электрондарды үдету энергиясы 6Мэв және пучкадағы ток күші 2000мкА) берілді. ЭЛУ-6 үдеткіші оқу процестерін жүргізу үшін, бастапқы-ғылми зерттеулер және технологиялық жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады. ОҒФТО үдеткіш орналасқан арнайы жер асты бөлмелері, өнеркәсіптік өнімді жүктеу және түсіру үшін тельфермнді шахта бар, дайын материалдарды орау, сонымен қатар зарасыздандыру үшін үлкен және кіші технологиялық сызықтар бар. ОҒФТО Белоруссиямен (Белорус мемлекеттік университеті, Минск, проф. Ф.Ф.Комаров); Ресеймен (Электроника және техника Мәскеу институты, Зеленоград,проф.Н.Н. Герасименко , Томск политехникалық университеті проф. Лисицын В.М., проф. Суржиков А.П., проф,.Ремнев Г.Е.), Украина Киев мемлекеттік университетімен проф. Петренко П.К.,Сум мемлекеттік университеті, Погребняк А.Н. және т.б. университеттермен нанотехнологиялар , жаңа материалдар жасау бойынша ұзақ мерзімді ( 20 жылдан аса) бірлескен ғылыми - зерттеу және қолданбалы жұмыстар өткізуде. 20 жылдың ішінде әр түрлі жұмыс түрлерінің үлкен көлемдері өткізілген, атап айтар болсақ: ҚР Б және Ғ министрлігі, ҚР МИТ, ҚР Ұлттық ядролық орталығы гранттары бойынша бастапқы және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстар орындалды. Ғылыми нысандағы Халықаралық әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы уақыт ішінде 11 монография жариялаған, соның ішінде: «Каскадты-ықтимал әдісімен физикалық есептерді шешу»,« КВ-Функцияларды ЭЕМ пішіндеу және марковты процесстермен олардың байланысы », « Радиациялы-физикалық есептерді компъютерде пішіндеу», «Политетрафторэтилендегі радиациялық-қыздыру процестері», «Титан балқыламалары мен композиттердегі радиациялық әсерлер », «Темір және қатты балқыламаларда және т.б. радиациялық әсерлерді экспериментті зерттеу және ЭЕМ пішіндеу».20-ға жуық оқу құралдар өңделді, сонымен қатар: «Зарядталған бөлшектер үдеткіштері және ренткен құралдары », « Атом ядросының физикасы», «Иондаушы сәулелердің дозиметриясы» және т.б. 50-ден аса лабораториялық жұмыстар жасалған. Дәрігерлік және басқа да өнімдерді заралсыздандыру бойынша 20 аса технологиялар игерілді және олар ТОО Юнимед, ТОО Антарес, ТОО Виотекс, ТОО Биосс және т.б. енгізілді (50-ден аса енгізу актілері). Қазақстан мектептеріне 3000 лабораториялық жұмыстарды енгізілген. Студенттер және мектеп оқушылары үшін 500-дей экскурсия өткізілді. 11 докторлық және 30 кандидаттық және 4 PhD диссертациялар қорғалды. Қазіргі таңда 500 дей мақала жарық көрді, соның ішінде журналдарда: «Рhys Stat Sol», «Radiation effects and difects Solids», «Вопросы атомной науки и техники», «Атом энергиясы», «Материалдарды өңдеудің физика және химиясы», «Crystal Latt def. and. Amourph.mat.», «Optical. Materials», «Вестник КазНУ», «Известия вузов России, физика сериясы», «ҚР ҰҒА жаршысы, физика-математикалық сериясы», «Инфо электроника», «Вестник ЕНУ» және т.б., халықаралық конференцияларда 300-ден аса баяндамалар оқылды. 15 патент алынды.
|