Біз туралы | Главная /
Нәрікбаева Лора Мақсұтқызы
Нәрікбаева Лора Мақсұтқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Нәрікбаева Лора Мақсұтқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі (ХПБҒА). 1990-1997- І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық университетінің Музыкалық аспаптар кафедрасының фортепиано оқытушысы. 1997-1998 - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Музыканы оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының тағылымгер-зерттеушісі. 1998-2001 - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасы жанындағы күндізгі оқу аспиранты. 1998 - 2004 - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш мектебінің педагогика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. 2003-2006 - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика кафедрасы жанындағы докторанты. 2004-2008 - Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш мектебінің педагогика кафедрасында Доцент (ҚР ЖАК, 2004). 2007-2012 - Абай ат. ҚазҰПУ ППФ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы. 2011 - "Болашақ" халықаралық бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдама (Испания). 2008-2014- Абай ат. ҚазҰПУ жалпы, жас және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры. 2014 ж. желтоқсан - 2015 ж. маусым - Абай ат. ҚазҰПУ Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі. 2014 жылғы желтоқсан - қазіргі уақытқа дейін - Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ: Бакалавриат: "Негізгі музыкалық аспап (фортепиано)"; "Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (фортепиано) "; "Қосымша музыкалық аспап (фортепиано)"; "Мектептің ән репертуарының практикумы (МӘР)"; "Музыканы оқыту әдістемесі"; "Музыкалық білім беру психологиясы". Магистратура: "Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі"; "Музыкалық білім беру әдіснамасы"; "Музыкалық білім берудің ақпараттық технологиялары"; "Магистрлік диссертацияны жазу әдістемесі", "Көркем шығармашылық психологиясы"; "Педагогикалық инноватика"; "7M01402-Музыкалық білім", "7M01402-Музыкалық білім", "7М041600-Өнертану" білім беру бағдарламалары бойынша магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік. Докторантура: "Ғылыми зерттеу әдістері"; "Музыкалық білім берудегі іргелі және қолданбалы жобалар"; "Музыкалық өнер мен білім берудегі интеграциялық және пәнаралық көзқарастар"; "550700 - Педагогика" мамандығы бойынша докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік (Қырғызстан).
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ: ID SCOPUS 57191440705; ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7793-9062 Ғылыми қызығушылық саласы: музыка мұғалімдерін/педагогтерін кәсіби даярлау; болашақ педагогты кәсіби даярлау;дарынды балалар мен жастарды диагностикалау, оқыту және дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері; музыкалық қабілеттер мен дарындылық; көркемдік дарындылық; интеллект, шығармашылық; дарынды балалармен және жастармен жұмыс істеуге педагог кадрларды даярлау. 150-ден астам ғылыми еңбектері, оның ішінде: "Жоғары педагогикалық мектепте болашақ маманның кәсіби дарындылығын дамытудың теориясы мен технологиясы", "Development of professional giftedness of future specialist at the һigher school" монографиялары; "Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысы"; "Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының дарынды студенттерін іздеу, дамыту және қолдау тұжырымдамасы" (Республика деңгейінде іске асыруға арналған кешенді бағдарлама); "Болашақ педагог интеллектінің академиялық емес нысандарының өзін-өзі дамытуы"; "Болашақ мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау"; "Музыкалық мәдениет пен өнер терминдерінің қазақ-орыс-ағылшын энциклопедиясы" (бірлескен автор) және т.б. оқу құралдары жарияланған. ҚР БҒМ және Абай ат. ҚазҰПУ "ҚР Үздіксізбілім беру жүйесінде ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру", "Мигранттармен жұмыс істеу үшін әлеуметтік психологтарды даярлаудың екі деңгейлі жүйесі (лицензиат-магистратура)" тақырыбындағы "TEMPUS" халықаралық ғылыми жобасы секілді іргелі ғылыми жобалардың қатысушысы. "Болашақ педагог интеллектінің академиялықемес нысандарының өзін-өзі дамытуы" атты студенттік ғылыми жобасын іске асыруға және жетекшілікетуге Абай ат. ҚазҰПУ ректорының гранты (Абай ат. ҚазҰПУ).
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ: "Музыкалық білім" мамандығына арналған: "16 күй" хрестоматиясы" (Фортепианоға арналған қосымша), "И.С. Бахтың стилін зерделеу бойынша әдістемелік ұсынымдар", "Фортепиано сыныбында музыкалық материалды ұтымды игеру"; "Дипломдық жұмысты дайындау және қорғау технологиясы (студенттерге арналған)"; "Музыкалық білім" білім беру бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар; «Орта мектептегі музыка сабақтарында балалардың музыкалық дарындылығын диагностикалау және дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар»; «Жалпы білім беретін мектепте музыка сабақтарында музыкалық терапия жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» және т. б. оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Сонымен қатар "Педагогика және психология" және "Әлеуметтік педагогика" мамандықтарына арналған бір қатар оқу-әдістемелік құралдар: "Педагогикалық мамандыққа кіріспе"; "Педагогикалық менеджмент"; "Оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау"; "Тәрбие жұмысының әдістемесі"; "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану тарихы"; "Әлеуметтік педагогика", "Әлеуметтік және педагогикалық практика бағдарламасы"; "Оқу-танысу практикасы бағдарламасы" жарияланды.
МАРАПАТТАРЫ: - "Басқарушылықойдыдамытудағыеңбегіүшін" Ф. Тейлорат. Алтын медаль иегері (ӨМА, 2013). - "Абай ат. ҚазҰПУ-ға 90 жыл" мерейтойлықмедалі (2019). - "Абай ат. ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениетжәне спорт институтына 50 жыл" мерейтойлықмедалі (2019). - "Елдің алтын қоры" халықаралықэнциклопедиясында "Білім беру үздігі" атағы мен медалініңиегері (2019). - ҚР БҒМ алғыс хаттары (2020, 2021). - SCOPUS базасында (QS World University Rankings) университетінің рейтингісін дамытуға ғылыми үлесі н үшін ақшалай Сертификат (2022); - ҚР ҒЖБМ құрмет грамотасы (2023) - ҚР ДСМ құрмет грамотасы - Республиканың ғылымы мен жоғары білімін дамытуға қосқан үлесі үшін (2023)
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|