Педагог-ұйымдастырушысы және бастапқы әскери дайындық кафедрасы тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралар жоспарын тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар орталығының жоспарына сәйкес 12 бағыттан тұратын мазмұнда жасалған. Кафедрада тәрбие жұмысы бойынша жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - студент жастардың болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуына қажетті адамгершілік - рухани құндылық сапалары мен қасиеттерін дамыту, олардың патриоттық, ақыл-ой интелектуалды даму деңгейлерін арттыру, жан-жақты дамыған студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары: Ұлттық сана, әлеуметтік қолдау; Рухани-адамгершілік тәрбие, патриоттық тәрбие; Дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, экологиялық тәрбие.
Қазақстандық патриотизм қалыптастыру бағыты бойынша: Б.Момышұлын еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастыру, Ұлы Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫ БОЙЫНША ВИДЕО: http://www.kaznpu.kz/kz/video/
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ -2017 видео: http://www.kaznpu.kz/en/video/
СТУДЕНТТЕР ӨМІРІНІНЕН ТҮСІРІЛГЕН БЕЙНЕ РОЛИК / http://www.kaznpu.kz/kz/video/
Ұстаз ұлы тұлға 28 қыркүйек 2017 жылы бастапқы әскери дайындық мамандығының 1-курс студенттері «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік кешті директор және кафедра меңгерушісі ашып берді. Н.Е.Исабек кафедраның профессор-оқытушыларын құрамын ұстаздар мерекесімен құттықтады.
Мың бұралған ұл қыздарымыз би билеп көрермендердің көңілін көтерді.
Кафедра меңгерушісі Сайлаубек Тәукейұлы ұстаздарды мерекесімен құттықтыды.
Қолмақол ұрыс көрінісі. Есте сақта квн командасының өнерлері.
|