қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы
16.04.2018

«Интерактивті оқыту әдістері арқылы техникалық жоғары оқу орындарының студенттерінің тілдік дайындығының сапасын арттыру» тақырыбындағы шеберлік сыныбы

 

Университеттің 90 жылдық мерейтойына арналған он күндік «Ғылым күндері» аясында практикалық тілдер кафедрасы университетіміздің түлегі п.ғ.к., проф. Махинұр Низамоваға арнап шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

 

Қазіргі уақытта Махинұр Низамова Алматы технологиялық университетінде мемлекеттік және шет тілдер кафедрасында жұмыс істейді, өз біліктілігін үнемі жетілдіріп, біздің университетімізде өткізілетін іс-шараларға белсене қатысады.

 

Осылайша, 2018 жылдың 11 сәуірінде, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың негізінде, проф. Махинұр Низамова «Интерактивті оқыту әдістемесі арқылы техникалық жоғары оқу орындарының студенттерінің тілдік дайындығының сапасын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

 

Интерактивті оқытудың негізгі принциптеріне, яғни дараландыру, икемділік, контекстік көзқарас, ынтымақтастықты дамыту, белсенді оқыту әдістерін қолдануға көп көңіл бөлінді.


Шеберліс сынып барысында сабақтардың фрагменттері интерактивті әдістермен талданды:

1. Баспа конференциясы (рөл ойыны) «Барлығы биотехнология туралы»;

2. Шағын топтарда жұмыс істеу;

2.1 Бейне сұхбат: «ҒЗИ ғалымдары», «Маманмен сөйлесу»;

2.2 Ақылмандар сарабы «Компрессия».

 

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы материалдың қызықты және шығармашылық таныстырылымы үшін лекторға алғысын білдірді. Көрсетілген тақырыпты талқылау нәтижесінде Алматы технологиялық университетінің мемлекеттік және шет тілдер кафедрасынан әріптестерді қазіргі заманғы интерактивті технологияларды пайдалана отырып орыс тілін оқыту тәжірибесімен алмасуға шақырды.

 

         

 

         

 

         




Кері оралу