қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы
17.11.2017

2017 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Практикалық Тілдер кафедрасы « Ашық білім беру жүйесіндегі орыс тілінде білім беруді дамытудың мәселелері мен келешегі » атты халықаралық

дөңгелек үстелге қатысты

2017 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайында Ресей Федерациясының Бас консулдығы, Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің, Кітапхана ынтымақтастығының өңіраралық орталығының, «Барлық адамдар үшін ақпарат» ЮНЕСКО бағдарламасының Ресей комитетінің, Орыстар қауымдастығы, славян және казак ұйымдарының, Казақстандық орыс мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Ашық білім беру жүйесіндегі  орыс тілінде білім беруді дамытудың мәселелері мен келешегі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары:
Кузьмин Евгений Иванович - «Барлық адамдар үшін ақпарат» ЮНЕСКО бағдарламасының үкіметаралық кеңесі төрағасының орынбасары, тілдерді сақтау және киберкенңістікте көптілділікті дамыту жөніндегі ЮНЕСКО / МФСП жұмыс тобының жетекшісі, ЮНЕСКО-ның «Барлық адамдар үшін ақпарат» бағдарламасының орыс комитетінің төрағасы, кітапхана ынтымақтастығының өңіраралық орталығының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты (Мәскеу, Ресей);
Коропченко Алексей Анатольевич - Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі;
Осадчий Михаил Андреевич- филология ғылымдарының докторы, А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының ғылым жөніндегі проректоры (Мәскеу, Ресей);
Лукашев Всеволод Анатольевич - Алматыдағы Орыс мәдени орталығының төрағасы (Алматы, Қазақстан);
Переверзева Ирина Владимировна - Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы жанындағы Ресей ынтымақтастығы өкілінің орынбасары.
Біздің кафедрадан кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Шаханова Р.А., ф.ғ.к., доц. Қадырова Г.Р. және ф.ғ.к., доц. Маймакова А.Д. қатысты.
Дөңгелек үстелді Барлық адамдар үшін ақпарат» ЮНЕСКО бағдарламасының үкіметаралық кеңесі төрағасының орынбасары, тілдерді сақтау және киберкеңістікте көптілділікті дамыту жөніндегі ЮНЕСКО / МФСП жұмыс тобының жетекшісі, ЮНЕСКО-ның «Барлық адамдар үшін ақпарат» бағдарламасының орыс комитетінің төрағасы, кітапхана ынтымақтастығының өңіраралық орталығының президенті , педагогика ғылымдарының кандидаты (Мәскеу, Ресей) Кузьмин Евгений Иванович мырза жүргізді.
Алматыдағы Ресей федерациясының Бас консулы А.М.Демин, Алматыдағы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілеттігінің басшысы A.M.Дандыбаева (Алматы, Қазақстан), Қазақстан Республикасындағы Орыс Елшілігінің кеңесшісі А.А.Коропченко, филология ғылымдарының докторы , А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының ғылым жөніндегі проректоры (Мәскеу, Ресей) Осадчий Михаил Андреевич, Алматыдағы Орыс мәдени орталығының төрағасы В.А.Лукашев (Алматы, Казахстан, Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы жанындағы Ресей ынтымақтастығы өкілінің орынбасары Переверзева Ирина Владимировна дөңгелек үстел қатысушыларына жылы лебіздерін білдіріп, дөңгелек үстел жұмысын бастады.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткерлері, жоғары оқу орындардағы орыс тілінің профессорлары мен оқытушылары, Қазақстан Республикасының гимназия директорлары мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері, журналистер мен кітапханашылар, сондай-ақ, Чех Республикасының Ғылым академиясы Славян институтының ғылыми қызметкері (Прага, Чехия), Қырғыз Республикасының ұлттық кітапханасының директоры, Қырғыз Республикасының қоғамдық кітапханалар қауымдастығының президенті, Еуразия кітапхана Ассамблеясының вице-президенті Ж.К.Бакашова (Бішкек, Қырғызстан) болды.
Осы шара барысында А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты Кітапхана ынтымақтастық аймақаралық орталығы, Орыс мектептерінің мұғалімдерінің Қазақстандық қауымдастығы, Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының қазақстандық қауымдастығы және Алматыдағы №35 лингвистикалық гимназиясы арасында әріптестік туралы келісм-шартқа қол қойылды және «Ертегі ғаламшар» атты халықаралық шығарма байқауының жеңімпаздарына дипломдарды табыстау рәсімі өтті (қазылар алқасының төрағасы




Кері оралу