қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы
19.02.2018

«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында мастер-класс және Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орыс тілі мен әдебиеті бойынша интеграцияланған сабақтар

 

2018 жылдың 16 ақпаны күні Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінінің 10-шы сыныптарында «Анна Ахматованың, Марина Цветаеваның, Фариза Oңғарсынованың өлеңдеріндегі Отан және махаббат тақырыптары», «Өмірдің мағынасы (Ернест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» әңгімесінің материалы негізінде)» тақырыптарында орыс тілі мен әдебиеті бойынша интеграцияланған сабақтар өткізілді.

 

Интеграцияланған сабақтар қазіргі заманғы әдістемелердің бірі болып табылады, олардың артықшылықтары: білім алушылардың өзіндік әлеуетін дамыту; айналадағы шындықты белсенді білуге ынталандыру; білім алушылардың логика, ойлау, коммуникативтік қабілеттерін дамыту; балаларды қоршаған әлем көптілігі мен тұтастығымен танылады; интеграция өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік береді.

 

Ары қарай, Алматы қаласының оқытушылары мен мұғалімдері үшін «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді оқыту әдістері» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-классты өткізудің мақсаты - орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді формалары мен әдістерін қолдану. НЗМ мұғалімдері сабақ барысында жобалық қызметтің әдіснамасын, оқытудың белсенді әдістерін мен проблемалық оқытуды сәтті қолданатындықтары белгілі болды. Сондай-ақ, қонақтар үшін мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

 

Біздің кафедрадан ф.ғ.д., проф. Бақытгүл Жұмағұлова, Ph.D докторы Аида Нұрбаева, магистр, оқытушы. Гүлмира Амангелдиева қатысты.

 

  

 

  

 




Кері оралу