қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.01.2025

«Kәсіпкерлікке алғашқы қадам» танымдық кездесу кеші


2025 жылдың 29 қаңтарында «Ақылдың кені» жобасы аясында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Bayterek» сауда үйі, «KIT Алматы» кәсіпкерлер қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, кәсіпкер, инвестор Мұрат Төлегенмен «Kәсіпкерлікке алғашқы қадам» тақырыбында танымдық кездесу кеші өтті.

 

Жастар арасында кәсіпкерлердің рөлін арттыру, кәсіпкерлік мәдениетін дамыту және жаңа идеяларды жүзеге асыруға ынталандыру, жастардың кәсіпкерлік әлеуетін ашып, заманауи бизнестің мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға университеттің 100-ге жуық белсенді студенттері қатысты.

 

Шара барысында спикер Мұрат Төлеген аталған шараның маңыздылығын атап өтіп, кәсіпкерліктің жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Сондай-ақ ол жастарды кәсіпкерлікке тарту, олардың бизнесте алғашқы қадамдарын жасауына көмек көрсету және кәсіпкерліктің негіздері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Спикердің айтуынша, бүгінгі күннің талабына сай жастар өз бизнесін ашуда белсенділік танытуы тиіс.

 

Ал өз кезегінде қатысушылар кәсіпкерлікке қатысты өз пікірлерін білдіріп, қызықтыратын сұрақтарын қойды. Спикер жастардың идеяларын тыңдап, олардың жетістіктері мен жіберген қателіктері арқылы оқу керектігін атап өтті. Сонымен қатар жастарды өз идеяларын жүзеге асыруға, нарықтағы мүмкіндіктерді пайдалануға, табандылық танытуға шақырды және жастардың кәсіпкерлікті дамытудағы ынта-жігерлерін жоғары бағалады.

 

Шара соңында «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығының жетекшісі Жанар Джаймаханова кездесу қонағы кәсіпкер, инвестор Мұрат Төлегенге арнайы уақыт бөліп, дәріс өткізгені үшін алғысын білдіріп, Басқарма төрағасы-ректордың алғыс хатын жолдап, сый-сияпатын табыстады.

 

«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы

 

 

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=

 




Кері оралу