Ғылыми- зерттеу қызметі
Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту процесін әрқашанда біртұтас байланыста жүргізіп келеді. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытты қамтиды: 1.Профессор-оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары. 2.Студенттердің ғылыми жұмыстары. 3.Ғылыми жобалармен жұмыс. Кафедра оқытушылары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қалалық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтымен бірлескен ғылыми-зерттеу, оқу әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Проф. Т.С.Тебегенов Уфа, Башқұрт мемлекеттік университетінде өткізілген «Қазіргі Башқұрт филологиясының өзекті мәселелері және Р.Н. Байымовтың әдеби мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, Қызылорда қаласында өткізілген Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдығына арналған «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» атты облыстық ғылыми-танымдық конференцияда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі «Б.Майтановты еске алу», «Қабдолов оқулары», «Т. Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасады. Сонымен бірге, п.ғ.д., проф. Б.Ө. Сманов «Влияние элементов художественной формы на раскрытие идейного содержания произведения» атты (Импакт фактор №6, 2012 Современные наукоемкие технологии) мақаласы жарияланды. п.ғ.д., проф. Т.Қ. Жұмажанова Алматы облысы Панфилов ауданы мұғалімдеріне «Әдебиет сабағында педтехнологияларды пайдаланудың жолдары» тақырыбында Шеберлік сыныбын өткізді. Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттарындағы ғылыми тақырыптар өзекті. Атап айтқанда дәстүрлі ақын-жыраулар поэзиясы, қазақ поэзиясына Шығыстың классикалық әрекетінің ықпалы, Хакім Абай шығармашылығының жаңашылдық сипаты, Шәкәрім шығармашылығы дәстүр жалғастығы және көркемдік ерекшеліктері, қазіргі қазақ повесінің және романдарының, С.Мұқанов., Ғ.Мүсірепов шығармашылығының поэтикасы, қазіргі қазақ публицистикасы және т.б. Кафедра ұжымы республикамыздың мамандар кәсібін дамыту үшін мамандар кәсібін дамыту институтында дәріс оқыды. Кәсіби біліктілікті көтеру мақсатында 2012 оқу жылында - 13 оқытушы семинар-тренинг, курстардан өтіп, 37 сертификат алды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен төмендегідей халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді: Академик С. Қирабаевтың 85 жылдығына арналған «Филологиялық білім: проблемалары мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ, 17.04.2012 ж.; З.Шашкиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Поэтика және өлеңтану мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ, 24-25 мамыр 2012 ж.; Ғалым Н. Келімбетовтің 75 жылдығына арналған «Қазіргі әдебиеттану және әдеби байланыстардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ, 01.06.2012 ж.; Ғалым Б.Әбдіғазиұлының 60 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы филология ғылымының өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Абай атындағы ҚазҰПУ, 08.11.2012 ж.; «Жазушы, сыншы, ф.ғ.д., проф. Н.Ғабдуллин шығармашылығы және әдебиеттанудың өзекті мәселелері» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Абай атындағы ҚазҰПУ, 27.12. 2012 ж. 26 желтоқсан, 2012 жылы Дәстүрлі студенттердің 67-ші ғылыми-зерттеу конференциясы өткізіліп, 34 баяндама оқылды. 2013 жылы сәуір айының 4-5 күндері Павлодар қаласындағы Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтында Жоғары оқу орындары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен студенттердің республикалық олимпиадасына 3-курс студенттері Бақытқызы Мөлдір, Нұрекешова Әселхан, Ділдабекова Фариза қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жақсы жүргізген студенттердің ғылыми мақалалары мен баяндамаларының баспа бетінде жарық көруіне де үнемі ықпал етіп отырады. «Журналистика» мамандығының студенттері Г.Омарова (3-курс), Д.Бейсенбектің (2-курс) «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында» республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдың мамыр-маусым №3, 2012 жылғы санында мақалалары жарық көрді. Жалпы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедрада үнемі басты назарда тұратын мәселелердің бірі болып табылады.
|