қазақша · русский · english
 
 
 

 

Ғылыми-зерттеу қызметі

Абай атындығы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының Қазақ тіл білімі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы - Республикадағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлайтын іргелі кафедраның бірі. Кафедра лингвистикалық  білім берудегі зерттеулермен айналысып, мемлекетіміздің стратегиялық бағытына сай ғылыми жобаларды жүзеге асырады.

 

Латын қарпіне көшудегі тілдік норма заңдылықтары мен ұлттық әліпбиді оқыту мәселелері, қазақ тілін үйретудегі деңгейлік парадигмалар әдістемесі, қазақ қоғамының тілдік контенті, қазақ тілі мен әдебиетін жаңа бағытта оқытудың өзекті мәселелері аясында ғылыми еңбектер жариялауда.

 

Кафедра коммуникативтік, функционалдық, прагматикалық, структуралық лингвистика, лингвомәдениеттаным және классикалық, модернистік  мәселелерді ұлттық құндылықтармен байланыста зерттеуді басшылыққа алады.

 

Кафедраның ғылыми әлеуеті - 78%.

 

Ғылыми-зерттеу бағыттары:

- қазақ филологиясындағы ұлттық мәдени код және білім берудегі жаңашылдықтар

- қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу

- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары

- функционалды сауаттылық: оқу және жазу сауаттылығы


Кафедра төмендегі шетелдік ЖОО-ның ғалымдарымен және отандық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының ғалымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Шетелдік ЖОО:

-  Қазан федералдық университеті (Ресей)
-  Горно-Алтай мемлекеттік университеті (Ресей)
-  И.Н.Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университеті (Ресей)
-  Эге университеті (Түркия)
-  Фырат университеті (Түркия)
-  Стамбул университеті (Түркия)
-  Гази университеті (Түркия)
-  Мугла Сыткы Кочман (Түркия)
-  Азербайжан мемлекеттік педагогикалық университі
-  Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті
-  А.Мицкевич атындағы университетпен (Польша)
-  Фрайбург университеті (Германия).

 

Отандық ғылыми мекемелер:

 -  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты;
 -  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты;
 -  Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы;
 -  Мемлекеттік тілді дамыту институты;

 -  Білім мазмұнын дамыту институты.

 

Отандық ЖОО:

-  Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті
-  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
-  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

-  А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

-  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

-  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

-  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 

 

Кафедра соңғы бес жылда 100-ге тарта ғылыми монографиялар мен оқулықтар, оқу құралдарын шығарды. Мектепке арналған «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» оқулықтарын дайындауға зор үлес қосып келеді. «Ата мұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Көкжиек» баспасымен тығыз жұмыс жасап, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын дайындады. Алыс, жақын шетелдегі және отандық ғылыми конференцияларға, бұқаралық ақпарат құралдарына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміндегі журналдарға, Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген жетекші ғылыми журналдарда жыл сайын 200-ден аса ғылыми мақала жариялап келеді. Кафедра «8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті», «8D02304-Лингвистика  мамандықтары бойынша докторанттарға жетекшілік жасап, әрбір оқу жылында 5-6 PhD докторын дайындады.