|
| |
Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасы
Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының ұжымы қазақ және әлем әдебиеті, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі бағытында студенттерге дәріс беріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра оқытушылары - орта мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулық пен оқу-әдістемелік құралдардың, типтік бағдарлама мен Білім беру стандарттарының авторлары.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылар құрамы - ҚР ғылым салаларында елеулі жетістіктерге жеткен; олардың теориялық және әдістемелік еңбектері мектеп, колледж, гимназия, ЖОО оқу процесінде қолданылып жүрген; республика көлеміне белгілі, танымал оқытушылар.
Кафедра оқытушылары: Б.Әбдіғазиұлы, Т.Тебегенов, Т.Жұмажанова, Т.Рақымжанов, Б.Сманов, К.Әбілқасымова, С.Асылбекұлы, А.Тамаев, Р.Бораш, А.Ибраева, Д.Сатемирова, Г.Есіркепова, Г.Асқарова, А.Шамахова, С.Сыздықов. Г.Тоқшылықова, Қ.Келімбетов, Д.Баймолда, С.Адильбеков, А.Дәуренбекова, Г.Бақбергенова, Ф.Мусатаева, Ш.Сабитова.
Кафедра оқытушыларының сапалық құрамы қазіргі заманғы білім беру деңгейіне және университет талаптарына сай. Кафедра мүшелерінің 80 пайызының ғылыми атақ-дәрежелері бар. Нақты айтқанда, 6 ғылым докторы, оның 5-і профессор, 1 PhD докторы, 4 ғылым кандидаты, доцент, 7 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 4 аға оқытушы, және 3 оқытушы қызмет етеді.
Профессорлар Т.Қ.Жұмажанова және Б.Әбдіғазиұлы Халықаралық педагогикалық ғылымдар Академиясының академиктері.
Базалық білімі жоқ оқытушылар жоқ. Кафедрадағы 28 оқытушының барлығының да базалық білімі даярланып жатқан мамандықтарға сәйкес.
|