қазақша · русский · english
   
Ғылыми- зерттеу қызметі

Ғылым- зерттеу жұмысы

Кафедрадағы ғылыми тақырыптардағы жұмыстардың  нәтижесінде оқытушылар халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып  ғылыми мақалаларды республикалық басылымдарда жария етті, методикалық оқу құралдарын шығарды.

Кафедрада орындалған  ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі, ғылыми тақырыптар   оқу процесіне енгізіліп,  оқу құралдарын жазуда, кафедра жұмыс жоспарын құруда қолданылды, жекелеген ұжымдар мен көркемөнерден білім беретін мекемелерде қолданысқа енгізілді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның СҒҚ-да  өткізілді:

 -әржылғы  ғылыми конференция және КСФ  көрмелері;

- Президенттің Қ         азақстан Республикасы халқына жолдауы тақырыбына тематикалық талқылау. 

- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» тақырыбына конференция. Қатысқандар - 5В041700-сәндікқолөнер  мамандығының  1-5 курс  студенттері.

Кафедраның СҒҚ-ға қатысушы студенттері кафедра оқытушыларының жетекшілігімен КазҰӨА-да өткен Республикалық  Пәнаралық олимпиадаға қатысты.  Кафедраның СҒҚ мүшелері жыл сайын  университетте  өткізілетін  ғылыми конференцияларға  қатысады.

Конференция  және  көрмелерге  қатысқандардың саны:

- 2009-2010ж. - 8/11.

-  2010-2011ж. - 9/ 11.

 - 2011-2012ж. - 10/615.

Кафедра оқытушыларының  соңғы үш жылда  9 Оқу әдістемелік құралдары, басқа оқулықтары,альбомдары шығарылды.

ҚР ҒБМ басылымдарында ғылыми журналдарында 2009-2010-оқу жылында 6 ғылыми мақалалар  және басылымдар жинағы жарияланды, 2010-2011-жылдары   6  және           2012-жылы 8 мақалалар басылды.