Оқу -әдістемелік қызмет Жалпы мәліметтер: «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау ГОСО РК 3.08-296-2006, ГОСО РК 5.04 -033-2008, типтік оқыту және жүктемелі компонентКазГАСА және Т.Жургенов атындағы МОА коллективтері дайындаған негізге сүйенеді. Мемлекеттік стандарттар және типтік бағдарламаларға сай «Академиялық сурет және АПОӘ» кафедрасы өзінің оқытудың жұмыс жоспарларын дайындайды.студенттер таңдаған оқыту программаларында басқа ЖОО рецензиялары бар. Жұмыс жоспарлары типтік жоспарларға сәйкес келеді. Жұмыс жоспарлары мен силлибустар КСФ ғылыми кеңесінде бекітілген. Мұғалімдердің жұмы доспарларына сай элективті каталогтар дайындалған. Кафедраның әдістемелік қоры студенттердің барлық мамандықтарға сай орындалған практикалық жұмыстарынан тұрады. Қойылым реквизиттері толық қамтылған. Ұстаздар жас мамандарға кеңес берумен қатар, көрнекі-құралдар, қажетті әдебиеттеріменде көмектеседі. Кафедра ұстаздары өз дәрістерінде заманауи алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы студенттердің ынта жігерін арттырады. Оқытушылар шеберлік класстарын өткізеді, графикалық жұмыс әдістерін көрсету мақсатында өздері де сол тапсырмаларды салып көрсетеді. Қойылымдардың жан-жақтылығын ескеріп, әрбір қойылым келешек суретшілердің эстетикалық шығармашылық талғамын жетілдіруге бағытталады. Бакалавриат: «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығында оқыту мерзімі: күндізгі бөлімде 4 жыл (11-ден кейін), 3 жыл (колледжден кейін); сырттай бөлімде 5 жыл (11-ден кейін), 3 жыл (колледжден кейін). Бакалаврдың мамандық аумақтары: кеңістіктегі заттардың көркем үйлесімділіктерінің эстетикалық жарқындығын ашып, қалыптастыру, шығармашылық, ғылыми - педагогикалық интеграцияға жету, халықтық мәдени деңгейін арттыру. Бакалаврдың мамандықтарының объектілері:заттардың кеңістіктегі эстетикалық қалыптастырудың комплекстілігін ашу, адамзаттың күнделікті қолданыстағы заттарының және рухани қажеттілігін қанағаттандыратын комплексті, толықсанды туындыларды (техника, құралдар, интерьер, халықтық қызмет тауарлары). Академиялық сурет және АПОӘ кафедрасында оқитын үздік студенттер: Иманкулов Жандос, Ауельбекова Жулдыз, Оханова Рыскуль, Айтмагамбетова Камила, Ибатбекова Айгерим, Картай Әділет, Хабамбаев Азамат, Рыскелдиев Самат, Джапарханов Думан, Ибатбекова Рауан, Жексен Молдир, Сауатова Айжан, Шайкиев Ықылас, Жаканова Гулназ, Кенесова Улбике, Мәсәлімқызы Аянгул, Орынбасарова Айзада. Аталған студенттер сабақ үлгерімдері өте жақсы сабаққа қатысуы 95%; факультет бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады; бірнеше рет студенттік республикалық, халықаралық, пәнаралық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындаға ие болған; ғылыми конференцияларға, факульеттік және басқада шығармашылық көрмелерге белсене қатысады.
|