Ғылыми- зерттеу қызметі
Кафедраның ғылыми зерттеулерінің негiзгi бағыты студенттердiң кәсiби шеберлігін әбден жетiлдiруге байланысты және келесi мақсатқа сәйкес келедi - маманның жаңа түрiн қалыптастыруға бағдарланған студенттердiң кәсiби шеберлігін қалыптастыру жүйесiн модельдеу және оны тәжірибе түрінде тексеру. Аталған бағыттың шеңберінде: - отандық білім жүйесін жаңғырту контекстінде көркем білім алудың инновациялық потенциалын зерттеу жүргізіледі; - кәсiби бағдарланған жобалау оқу үрдісіне кәсiби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған кәсiби бiлiм берудiң әдiстемесi мен теориясы жетiлдiріледі.
Бұл жұмыс үш бағытта жүргiзіледi: бірінші - өнерде және мәдениетте тарихи өзгерiстердi зерттеу; екiншi - өнердегі қазiргi үрдiстердi анықтап, талдау және алынған мәлiметтердi жүйелеу; үшiншi - жаңа меншiктi бағыттарды әзiрлеу. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы үнемi сабақ, тәжірибе жүргізудің түрі мен әдiстерiн жетiлдiрумен және мамандарды дайындау сапасын жоғарылатумен шұғылданады.
Кафедра соңғы оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ ректордың грантына «Қазақстанның Ұлттық идеясын қалыптастыру контексiнде мамандарды көркем - педагогикалық дайындаудың жобалау әдiстемесі» - ғылыми жетекші п.ғ.д., профессор Әлмұхамбетов Б.А., жауапты орындаушы п.ғ.к., доцент Михайлова Н.А. Кафедралық ғылыми тақырыптың жұмыс нәтижелерi бойынша оқытушылар халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, республикалық және шетелдiк басылымдарда ғылыми мақалалар, оқу-әдiстемелері және монографиялар жариялады. 2012 жылдан бастап университеттің ішкі бір жылғы ғылыми жобасы жасалуда: «Қазақстан Республикасының инновациялық білім беруді модернизациялау әдiстемесі» - ғылыми жетекші физ.-мат.ғ.д., профессор Косов В.Н, жауапты орындаушы п.ғ.к., доцент Михайлова Н.А. және ҚР БҒМ 2012-2014 жылдарға жобасы: «Қоғамдағы шарттардағы жаhандық және аймақтық өзгерістер жағдайындағы көркем көркем білім беруді модерницазиялаудың әлеуметтiк- мәдени мүмкіндіктері» - ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент Михайлова Н.А. Кафедрамен атқарылған ғылыми тақырыптардың ғылыми зерттеулер нәтижелері оқу үрдісіне енгізілген және олар оқу құралдарының жазуда, кафедраның жұмыс жоспарын әзiрлеуде пайдаланып, жеке ұйымдар мен көркем білім беру мекемелерiмен енгiзуге қабылданған.
Жаңа эпистемология өндiру, «қазiргi әлеуметтiк-мәдени тәжiрибелер менеджментінің төңiрегiдегi зерттеу» атты мемлекттегі жаңа бiлiм саласына арнап әр түрлi тәсiлдерді синтез жасау мақсатымен ғылыми ортаны ашық дилогқа шақыру үшін 2013 жылдың қаңтар айында графика және дизайн кафедрасы жанында лаборатория - ғылыми бизнес-инкубатор (ҒБИ) «Креативтi индустриялар» құрылған. Зерттеушiлерге зертхана ғылыми зерттеулердiң маңызды санаттарын шығармашылық ұғынуға мүмкiндiк береді. «Креативтi индустриялар» ҒБИ зертханасы осы салада жиналған халықаралық тәжiрибенi зерттеуге ашық ғалымдар, оқытушылар мен белсендiлердің өзара байланысын үдетуге ұмтылуған. Ол кең ынтымақтастыққа ашық және бiрлескен зерттеулер, экономика мен өнердің өзара байланысы мен ондағы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету мәселелері төңiрегіндегi ғылыми-мәдени жобаларды жүзеге асыруға даяр.
Студенттердің сабақтан тыс уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстары білім алудың маңызды элементі болып табылады және ол тұлғаны тәрбиелеу процесінде маңызда роль ойнайды, нақты міндеттерді шешуде шығармашылық бағытты қалыптастырады, қойылған мақсатқа жету жолында қиындықты жеңуге, ғылыми әдебиетпен өз бетімен жұмыс iстеуге үйретеді, дүниетанымын кеңейтеді. СҒЗЖ өз кезеңдерi болады: тақырып таңдау, талқылау мәселесін қалыптастыру, ғылыми дәлелденген нәтижелер алу және iс жүзiнде оларды қолданысқа енгiзуді талқылау, кеңес беру. Кафедрада СҒЗЖ ұйымдастыруды дербес екi негiзгi кезеңдерге бөлуге болады: даярлық және негiзгі (оқу - зерттеу). Даярлайтын кезеңге 1-2-3 курс студенттері ғылыми қызметтiң кейбiр дағдыларына төселедi, ғылыми үйірмелерге, студенттiк ғылыми қоғамдарға, шығармашылық көркем көрмелерге, республикалық пәнаралық олимпиадаларға, байқауларға, арнайы семинарлар мен факультет іс-тәжірибелеріне белсене қатысады. Студенттер 1-5 семестрлердің аралығында нақты ғылыми тақырып сияқты қалыптасатын оларды қызықтыратын ғылыми мәселені таңдауға мүмкiншiлiгi болады. Студент бұл кезеңде негiзгi теориялық пәндер мен мамандандыру пәндерінің курстарында зерттеу әдiстемесінiң төңiрегiмен, тәжірибе жүргiзу және материалдарды өңдеумен танысады. Негiзгi кезең (оқу - зерттеу жұмысы) 6-9 семестрлер аралығанда шығармашылық, ғылыми қызметтiң дағдыларын практикалық меңгеруді бағамдайды. Бұл кезеңнің түпкi мақсаты - нақты ғылыми зерттеулердi студенттердің дербес орындауы және белгiлi бiр нәтижеге қол жеткізуі Ғылыми зерттеулердiң нәтижелерін факультет конференцияларында ғылыми баяндамалар түрінде оқылады, сонымен қатар дәріс сабақтары мен практикалық сабақтарда жеке бөлiмдер бойынша реферат түрiнде қорғалады. Студенттердiң тереңiрек және маңызды зерттеулері университеттің ішкі конференцияларында таныстырылады. Жұмыстардың бір бөлігі конференция баяндамалары және ғылыми мақалалар түрінде басылымға шығады. Университеттің ішкі конференцияларының негізгі мақсаты СҒЗЖ-на талабы бар, белсенді студенттерді көбірек тарту. Кафедрада профильдік бiлiм беру аясында (квилинг, киіз өңдеу, декупаж, офорт, линогравюра, компьютерлік графика) арнайы білім мен машықтарын қалыптастыру бойынша ғылыми үйiрме ойдағыдай жұмыс жасайды. Тәжiрибелi ұстаздардың басшылығымен Ибрагимова Г.Ш. және Қыргызбекова С.С. студенттер «Алма», «Балалар ауылы» қалалық қайырымдылық шараларына белсене қатысады. Олардың жұмысы «Ника» бас жүлдесін, түрлі сыйлықтар алуымен мадақталған болатын.
|