қазақша · русский · english
   
  • Кафедра тарихы

         Негізгі бағыты туризм сферасында жұмыс істей алатын теориялық және практикалық дайындықтан өткен  мамандарды даярлау. Практикалық тұрғыда мамандар өз бетінше, статистикалық т.б. материалдарды пайдалана отырып, талдау және  шешім қабылдауға дағдыландыру жолға қойылған. Кафедра оқытушылары ҚРЖМБ толып жатқан  кемшіліктерді  ескере отырып маман даярлауды жетілдіру жолдарын қарастыруда. Оқытушылар  сондықтанда  туризмнің педагогикалық  және географиялық  проблемаларымен  айналысады.

Кафедрада Алматы қаласы әкімшілігімен бірлесе отырып, әдістемелік  экскурсиялық, нұсқаушылық орталық  ашылды.  Биылғы оқу жылында осы орталықтарымен 12 экскурсовод және 22 нұсқаушы дайындалды.

           Кафедрада туристік секция жұмыс істейді. Жетекшісі:  Омаров К.М., Еркебеков А.К.  (белсенді туризм түрі бойынша).  Экскурсоводтар курсы: Лютерович О.Г. және Алшымбеков С.К.

Кафедрада экскурсиялық әдістемелер орталық жұмыс істейді. (жауапты: аға оқытушы  Лютерович О.Г.). Басты мақсаттары: студенттердің практикалық іс-әрекеттерін жетілдіру, дамыту және туризмді насихаттау.

Студенттік өмір, спорттық өмір

            Оқу жоспарының жүктемесіне байланысты 050902  (5В090200)-"Туризм" мамандығының студенттері 2010, 2011, 2012 жылдарының маусым шілде айларының аралығында халықаралық туристік практикасына Алматы қаласы - "Қарқаралы", "Баянауыл", "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары - Астана қаласы- Алматы қаласы  маршруты бойынша, белсенді туризмнен оқу-жаттығу жорығына Жетісу Алатауы аумағында Алматы қаласы - Текелі қаласы - Рудник кенті ауылы  маршруты бойынша қатысады.

Кафедра жаңалықтары мен оқиғалары

1)           Іле-Балқаш регатасында кафедра студенттері мен оқытушылары 1,2,3 орынға ие болды.

2)           Қарағандыда өткен туризмнен олимпиадада 3 орынға ие.

3)           Спорттық туризмнен  туристік сайыста 2,3 орындарға ие болды

4)           Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Саябағы мақтау қағазы

5)           Қатон Қарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Саябағында студенттер мақтау қағазымен марапатталды

6)           Шарын Мемлекеттік Ұлттық Табиғи саябағында мақтау қағазымен марапатталды

7)           Алтын-Емел Ұлттық Табиғи Саябағында мақтау қағазымен марапатталды

8)           Университеттік ПОҚ арасында өтілетін қысқы спортакиадада кафедра оқытушылары: 1) Шаңғы жарысынан 1 орынға, Волейбол ойынынан 2 орынға ие болды.