Семинар: « Банк тек қана ақша туралы емес, бұл оның тұтынушылары туралы»
Қаржыгер күні қарсы алдында Абай атындағы Қаз ҰПУ «Сорбонна-Қазақстан» Институтында «Банк тек қана ақша туралы емес, бұл оның тұтынушылары туралы» тақырыбында семинар өткізді. Семинар алдында Институттың директоры Г. Б.Нурлихина іс-шараның басты мақсаттарымен таныстырды.
«Бүгінгі семинардың басты мақсаты -құзырлықлы мамандардан ақпарат алу, студенттердің ой-өрісін дамыту және кеңес беру. Осы жылы Институтта бакалавр мен докторантураның бағдарламалары көбейді. Сондықтан біздің Институт осындай іс-шараларды ж иі өткізетін болады».
Семинарға экономикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Б. Д. Иманбердиев, «АТФ Банктің» басқару директоры С. Ю. Коваленко және оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Өзінің баяндамасында «АТФ Банктің» басқару директоры С. Ю. Коваленко банк жұмысының басты бағыттары туралы айтты.
«АТФ Банк» Қазақстанда 20 жылдан астам қызмет атқарып келеді, 17 филиалы, 93 бөлімшелері бар. Клиенттік базасында миллиондай жеке тұлға, 2,5 миллиондай заңды тұлғалар бар. «АТФ Банк» -әмбебап банк,өйткені ол бизнестің әртүрімен жұмыс істейді. Банктің сенімділігін білімді менеджерлер білдіреді. Сіздер келешекте осы жұмысты банкте атқарасыздар. Сондықтан банктің клиенттерімен жақсы қарым-қатынасты орналастырсаңыз, банктің және сіздің де жұмысы табысты болады. Өйткені банкте ең бастысы - оның тұтынушысы, біреуінің табысы айына - 100 мың теңге болса, біреуінің - 100 миллион болса да, әр клиентке лайықты шарттар табу керек».
Семинардың соңында экономикалық мамандардың кафедра меңгерушісі Б. Д. Иманбердиев осы іс-шараның маңыздылығы туралы айтып, «АТФ Банкте» студенттерге тәжірибе алмасуына ұсыныс жасады.
Фарида Амангелдіқызы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз қызметкері.