қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі


Қазақстан географиясы және экология кафедрасы
2016-2017 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі


2015-2016 оқу жылында кафедраның 6 эдвайзері және 18 оқытушы-профессорлары топ жетекшілері болып бекітілді. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

1)        Жалпы университеттік шаралар

2)        Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары

3)        Адамгершілік-рухани және имандылық тәрбие беру

4)        Қазақстандық патриотизм, отаншылдық тәрбие беру

5)         Экологиялық және эстетикалық тәрбие беру

6)        Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне баулу, халықтық педагогика ұстанымдарын насихаттау

7)        Дене тәрбиесі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай спорт түрлерін дамыту

8)        Құқықтық тәрбие беру. Құқық бұзушылықтың алдын алу және Қоғамдық тәртіпті нығайту

9)        Экономикалық тәрбие беру

10)      Әлеуметтік қолдау көрсету

11)      Жас таланттарды дамыту және қолдау

12)      Діни  сауаттылықты көтеру, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары

13)        Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары

14)        Студенттерге психологиялық көмек көрсету

 

Тәрбие жетекшілері мен топ эдвайзерлерінің өткізген іс-шаралары.

Кафедраның профессолар-оқытушылар құрамы мемлекеттік бағдарламаларды дер кезіңде орындайды. Мысалы, биылғы жылы мемлекетімізде болып жатқан бірнеше тарихи өзгерістерді шеттен қарап отырып қалмай, оны талқылауға, жастарға жеткізуге, үйретуге, патриоттық рухтарын көтеруге қатысты бірнеше бағдарламаларды қарастырдық:

1. Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Бір мүдде - бір мақсат - бір болашақ»  атты ҚР халқына жолдауын насихаттау мақсатында, ПОҚ студенттерімен негізгі бағыттары бойынша тәлімгерлік сағаттарды жүргізіп, стратегияда көрсетілген басты-басты бағыттарға түсініктеме беріп, оның мәні мен маңызына тоқталды (23.01.-07.02.2015 ж.).

2. Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында, ПОҚ студенттерімен негізгі бағыттары бойынша тәлімгерлік сағаттарды жүргізіп, стратегияда көрсетілген басты-басты бағыттарға түсініктеме беріп, оның мәні мен маңызына тоқталды. (Хаттамалары тіркелген).  

4) Бірлескен іс-шараларды өткізу.

қу процесі барысында студенттердің бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қоғамдық орындарда өздерін ұстау. Үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсету мәселелері үнемі айтылып, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстау, темекі шегу, наркотикалық заттарды пайдаланбау, алкаголь ішімдіктерінен аулақ жүру мәселелері үнемі сөз болып, айтылып отырады. Кафедра оқытушылары қаңтар-ақпан айларында университет көлемінде өткен «Денсаулық» спартакиадасына қатысып, шахматтан, стол теннисінен алдыңғы қатарға ілініп, 4-ші орынды жеңіп алды. Оқытушылармен  бірге студенттерде қалалық, республикалық дәрежеде өткен спорттық жарыстарға қатысып, шығыс жекпе-жегі спорт түрінен өткен халықаралық жарыста жүлделі орындарға ие болды. Кафедра оқытушыларының жылдық бекітілген жоспарлары мен топ студенттерімен өткізілген іс - шараларының хаттамалары №18 папкада тіркелген. Сонымен қатар, әр оқытушының тәлімгерлік журналдары бар. Өткізілген тәрбие сағаттарының барлығына хаттама жазылып, тиісті құжаттамаға сәйкес реттелген. Факультет қабырғасында әр кафедраға тек студенттермен ғана жұмыс бекітіліп қана қоймай, сонымен қатар жатақханаларды кезекшілік, түрлі сайыстар мен отырыстар өткізу, түрлі тәрбиелік бағыттарда дәрістер оқу т.с.с. міндеттер жүктелген. Қазақстан географиясы, экология және оқыту әдістемесі кафедрасында кесте бойынша қыркүйек және сәуір айларында № 2 жатақханада кезекшілік атқарды. Сондай-ақ кафедраның дерлік оқытушылары «Білім күні», «Нашақорлық - тұңғиық түбі», «16 желтоқсан - ҚР тәуелсіздігі», «Жастар СПИД-ке және нашақорлыққа қарсы», «Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру» т.с.с. тақырыптарда студенттері арасында баяндама, эдвайзерлік сағат, әңгіме-диспут түрінде жұмыстар жүргізілген.  Студенттермен қысқы сессия қорытындысы  мен оқу үлгерімін, сабаққа қатысу туралы мәселелерді қарастырып, оқу үлгерімінің қорытындысын тәлімгерлік журналға тіркеліп, жазылады. Кредиттік жүйе жайлы түсінік жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап, ақыл-кеңес беріп, үнемі бақылауға алып отырады. Сонымен бірге, университеттің тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының 2015-2016 оқу жылында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспары бойынша кафедра ПОҚ-ы көрсетілген іс-шараларды орындайды.