қазақша · русский · english
   


2017-2018 оқу жылының Елтану және Туризм кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары


Профессор-оқытушылар құрамының кезекшілік кестесі (№2_жатақхана)

 

«5В011600-География мамандығында модульдік білім беру бағдарламасы мазмұнының жобасы» ғылыми семинары өтті

 

2018 жылдың 31 қаңтарында Жаратылыстану және география институтында «География» бағыты бойынша «5В011600-География мамандығында модульдік білім беру бағдарламасы мазмұнының жобасы» ғылыми семинар өткізілді.

 

Институт директоры профессор Куляш Каймулдинова алғы сөзінде қатысушыларды ғылыми семинардың мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып өтті.

 

Семинардың төрағасы г.ғ.д. профессор Бахадур Абдиманапов жалпы білім беретін оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының өзгеру тенденциялары және 5В011600-География мамандығы модульдік білім беру бағдарламасының мазмұны туралы баяндама жасады.

 

Негізгі баяндаманы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шолпан Карбаева жасап, модульдік білім беру бағдарламасының идеясы мен құрылымын туралы баяндады. Бағдарламаны игерген кезде қалыптастырылуы тиіс жалпы және пәндік құзыреттерге ерекше көңіл бөлді. Жеке бағдарлама модулдарына тоқталып өтті.

 

Семинардың нәтижелерін институттың ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, п.ғ.к., доцент Амантай Сағындықов қорытындылап, семинар тақырыбының ұйымдастырылуы мен маңызы туралы оң пікірін білдірді.

 

  

 

  

 

2017  жылдың  7  қазан  күні   Жаратылыстану   және   география   институтының  жылдық жоспарына сәйкес  №1 оқу ғимаратының 622 дәрісханасында туризм күніне орай аға оқытушы Алдашева Ардақ Ахмет-Ғаниевнаның жетекшілікшілігімен «Қазақстандағы туризмнің бүгіні мен болашағы» атты кеш өтті. Кеш шымылдығын институт директоры  Каймулдинова Күләш Дүйсенбаевна ашып беріп, кеш барысында әсем ән, мың бұралған би, бірнеше ойын түрлері ойналды. Кеш соңында қорытынды сөзді институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы, аға оқытушымыз Алдашева Ардақ  Ахмет-Ғаниевна, доцент Увалиев Талғат Ошанович алып кеш жөнінде пікірлері мен тілек-құттықтауларын жолдады. Кеш жоғары деңгейде өтті.

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылының Елтану және Туризм кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары 

 

2017 жылы 16 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында №1 оқу ғимаратының 622 дәріс залында сағат 14:00-де елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Абдикаримова Гаухар Абдихалыккызы және 1 курс география мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Спорт сенің серігің, жанға дауа, қолға күш!» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кештің шымылдығын институтымыздың директоры, профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбаевна ашты. Кеш барысында әсем ән де, мың бұралған би де, күмбірлеген күй де ойналды. Сонымен қатар, әртүрлі спорттық ойындар ойналды. Атап айтқанда, халқымыздың дәстүрлі ойыны «арқан тартыс», жігіттеріміздің білек күшін байқау мақсатында «қол күресі», «кір тасын көтеру» ойындары ойналып, сыйлықтар табысталды. Универсиадаға байланысты сұрақтар қойылып, студенттеріміз белсене жауап берді. Қорытынды сөзді институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т. алып, спорт жарыстарынан жүлделі орындар алған студенттерді салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады.

 

2016-2017 оқу жылында кафедраның 19 оқытушы-профессорлары топ жетекшілері болып бекітілді. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

Кафедраның тәрбие жетекшілері оқу жылының басында институт бекіткен жоспар аясында жеке тәрбие жұмыстарының жоспарын құрып, бекітті. Осы жоспарда қамтылған бөлімдер бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Қыркүйек айында Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары бойынша, 22-қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Тіл-ұлт құндылығы»  тақырыбында оқытушы Гаухар Абдикаримова 1-2 курс  студенттерімен  тәрбие сағатын өткізді. №1 хаттама, 2016 ж. 

Еңбек тәрбиесі бойынша студенттеріміз аудан қала көлеміндегі ұйымдастырылған  сенбіліктерге белсене қатысып келеді. Әсіресе профессор Б. Абдиманапов пен п. ғ. к., аға оқытушы С. Алшынбековтың жетекшілік ететін 1-курс студенттері сенбіліктерге атсалысып қатысумен ерекше көзге түсті.

 

ЖГИ жатақханасында  ұйыдастырылған шаралар 2016 жылдың желтоқсан айында кафедра ПОҚ құрамы институт бекіткен кесте бойынша кезекшілік  жұмыстарын атқаруда. Тәрбие жетекшілері жатақханада тұратын өз тәрбие топтарының студенттерімен және басқа студенттермен «Жеке бастың гигиенасы», «Жатақханадағы ішкі тәртіп» туралы сұхбаттар жүргізді. Сондай-ақ аға оқытушы Р. Искакова мен Н. Шакирова бірігіп жатақханада Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік  іс-шара өткізді.

Діни сауаттылықты көтеру, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары аясында, Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған университет жатақханасындағы мерекелік дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарламасын тамашалап қайтқан ПОҚ құрамында доцент Д. Джангельдина, аға оқытушы А. Еркебеков және Р.Қалдыбекова болды. Сондай-ақ  С. Алшынбеков  «Имандылық-ізгілік негізі» тақырыбына 1-курс ГТК студенттерімен  әңгіме өткізді, хаттама  №2,  23.09.2016 жыл;

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 1-курс студенттерін «студенттік қатарға қабылдау» кешіне кафедрадағы 1-курс эдвайзері Г. Абдикаримова мен С. Алшынбеков қатысты. Студенттеріміз бұл кеште өз өнерлерін барынша көрсетіп, институт директоратының ыстық ілтипаттарына бөленді. 1-курс студенттері арасында Базарбекова Нұрсая, Оразхан Жансая, Серікқали Бекарыс  белсенді қатысқандарын ерекше атап айту керек.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай спорт түрлерін дамыту жұмыстары бойынша т. ғ. к. аға оқытушы А. Алдашева «Туризм - бұл бейбітшілік және өркениет жолы» атты институт деңгейінде кеш ұйымдастырды. (25-қыркүйек Халықаралық туризм күніне орай хаттама №1 27.09.2016ж.). Осы кеште туризм мамандығы бойынша білім алып, қазір туристік фирманың директоры Бекбаева Гузель қатысып, студенттерге туризм мамандығының қыр-сырын әңгімелеп берді.

2017 жылдың 1 ақпан күні университетіміздің Жаратылыстану және география институтының 6М011600-география мамандығының 1 курс магистранттары және топ эдвайзері, доцент Сарқытқан Қастер жастарды кітап оқуға насихаттап «Кемел келешекке - кітаппен!» №2 жатақханаға 30 шақты кітапты сыйға тартты.


 

«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» екендігі даусыз. Ғылым мен білімді қатар ұстаған ойлары озық 1 курс магистранттары тың бастаманы қолға алып, күні кеше игі шара өткізді. Әрбір өскелең ұрпақтың бойында өмірдің шырағын жағып, білім мен тәрбиені қатар ұстайтын, келешектің іргетасын бүгіннен қалайтын ұлағатты ұстаздарды даярлайтын қасиетті Абай атындағы қара шаңырағымыздың әрбір білім алушы жастарының бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруға атсалысу мақсатында әрі ұстаздықпен қатар жазу-сызуды мұрат тұтқан, шәкірттерін біліммен сусындатып қана қоймай, озық ойлы маман етіп тәрбиелеп келе жатқан жетекшіміз Сарқытқан Қастер ағайымыздың шығармашылығын дәріптей отырып, өзге студент жастарды бір жақты білім алу көзқарасымен қарамай, өз ұстаздарының шығармашылығымен танысып, «ұстаздарын сыйлауды» ұстаным етуге үндеу мақсатында өткізілген бұл шараға институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан ағайымыз да қатысып, хакім атамыз Абай айтқандай «артық ғылымның кітапта» екендігін атап айтып, жастарды әркез кітаптан алынатын «шексіз біліммен» кемелденіп жүруге шақырды.

Шара аясында ұлағатты ұстазымыз Сарқытқан Қастер жатақхана студенттеріне жеке кітап қорын тарту етті.  Кемел келешекке кітаппен жетуді көздейтін жас ғалымдарымыз кеш барысында жатақхана студенттеріне үндеу тастап, әлеуметтік желілер арқылы игі бастаманы жалғастыруды ҚазҰУ, ҚазҰМУ, ҚазҰТУ, КИМЭП және т.б. білім ордаларының жастарына ұсынды.

 

ЕЛТАНУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ 01.09.2015-01.07.2016 АРАЛЫҒЫНДА ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН

№ 2 ЖАТАҚХАНАДАҒЫ КЕЗЕКШІЛІК КЕСТЕСІ 2016/2017 оқу жылы

 

2015-2016 оқу жылының Елтану және Туризм кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары 

 

24 ақпан күні 2016 жылы Жаратылыстану және география институты Елтану және туризм кафедрасы бірінші курс студенттерімен тәрбие жоспарына сәйкес «Батыр туса ел ырысы» атты Бауыржан Момышұлына арналған еске алу кешін ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі профессор К.Д. Каймулдинова, тәрбие жетекшісі аға оқытушы Алдашева А.А. Бұл кеште Б. Момышұлының өмір баяны және Отан қорғау жолындағы ерліктері баяндалды. Студенттерге батыр атамыздың өмірі өнеге етіліп көрсетілді.