қазақша · русский · english
   
Туризм кафедрасы

«Туризм» кафедрасының тарихы еліміздің егемендік алуымен тығыз байланысты, 1992ж. елімізде  алғаш рет "Халықаралық туризм" мамандығы бойынша дайындық басталып, туризм менеджері және оқытушысы деген біліктілік беру дәрежесіне ие болды. 050116-«География-туризм» мамандығы , әлі күнге дейін география мұғалімі  және туризм өлкетану әдіскерлерін дайындайтын,бірден-бір мамандық.

Туризм кафедрасы алғашқылардың бірі болып туризм  магистрлерін дайындауды бастады. 2009-2010 оқу жылында  магистратура кафедрада ашылды. Бакалаврлар дайындау ішкі және халықаралық туризм  және оқытушылық бойынша  жүргізілуде.Түлектерге туризм нұсқаушысы немесе экскурсовод біліктілігі қоса беріледі.

Мамандық 050116 - география қосымша мамандануы  «туризм». Бұл мамандық -г еография мұғалімі мен туризм өлкетану  әдіскерлерін даярлайды. Республика аумағында  мектептен тыс балалар мен жастар туризміне  арнап  мамандар  дайындайды. Осы мамандық бойынша бітірушілер  толықтай туризм  саласында  қызмет  етіп жүр.  Кафедра  география  мамандығы бойынша  магистрлер дайындауда өз үлесін қосуда. Туризм  мамандығын бітіргендер туризмнің географиялық проблемаларына  байланысты магистрлік диссертациялар қорғауда. (Елтану кафедрасымен бірлесе отырып). Профессор Мазбаев О. Б. магистрлерге дәріс береді.

Кафедрада туризмнің белсенді түрлері жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда тау, жаяу туризмнің разрядтық нормативтері жоғары  деңгейде орындалуда. Студенттер кафедраның атынан Азия-Тынық мұхит чемпионатына қатысып жүлдегерлер атанды. Алматы қаласы чемпионаттарының бірнеше дүркін  жеңімпаздары атанды. Кафедра  студентттері университет құрама командасын құрып, тұрақты  түрде Іле- Балқаш регатасына қатысуда.  Жыл сайын 2 кезеңнен тұратын күрделі   категориялық  тау жорықтары өтіледі. Студенттердің  практикасы  толықтай өтіліп жүр.

  1993 жыл туризм кафедрасының құрылуы.  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті,  кафедра меңгерушісі Ердаулетов С.Р. Кафедраға қабылданған оқытушылар құрамы: доцент Мазбаев О.Б., аға оқытушы Алшымбеков С.Қ., оқытушы Атейбеков Б.Н.

1994 жыл. Кафедра  меңгерушісі доцент Саипов А.А. кафедраға қабылданған оқытушылар құрамы: оқытушы Омаров Қ.М., аға оқытушы Накатков Ю.С.

1995 жыл. Кафедраға аға оқытушы Тынчерова З.В., оқытушы Акмурзин К.Б., Чукреев О.А., Мамоев Б.Ш., Шегенов Т.А., Оспанов Б., ассистент Жұмаханова Е. қабылданды.

1996 жылы кафедраға доцент, г.ғ.к. Попов В.И., оқытушы Абдулхаиров А.З. келді. Кафедра құрамы 10 штаттық бірлікке тең болды. Туризм бойынша 2 типтік бағдарлама жинағы шығарылды.

1997 жыл. Магистратура бөлімі ашылды. Кафедраға аға оқытушы болып Ягофаров Г.Ф., Лютерович О.Г., Кастальская Т.П. қабылданды.

1998 жыл. Кафедрада оқытушылар құрамы 13 штаттық бірлікке тең болды. Жамбыл атындағы мұражайға қысқы шаңғы жорығы өткізілді. Доцент Саипов А.А. «Теория и практика подготовкв туристских менеджеров» атты кітабы басылып шықты.

1999 жыл. г.ғ.к. Попов В.И. жетекшілігімен Африканың биік нүктесі «Килиманджаро» (5940м) шыңына спорттық экспедиция ұйымдастырылды.

2000 жыл. Алматы қаласының әкімшілігі туризм департаменті мен бірігіп экскурсоводтарды дайындау  орталығы құрылды. Аға оқытушы Ягофаров Г.Ф. «Экскурсоведение», доцент Саипов А.А. «Введение в педагогику туризма» атты кітабы басылып шықты.

2001 жыл. Аға оқытушы Накатков Ю.С. «История туризма Казахстана» атты кітабы жарық көрді. 4 жылдық «География-туризм» мамандығы 5 жылдыққа ауыстырылды. Кафедраға оқытушылар Ибрагимов М., Тұрсынова Т.Т., доцент п.ғ.к Бектеньярова А.Р. қабылданды. Кафедра меңгерушісі болып доцент Мазбаев О.Б. тағайындалды.

2002 жыл. Доцент Саипов А.А. докторлық диссертациясын қорғады.

2004 жыл. Кафедраға оқытушы  туризм магистрі Қамбарбекова А.О., Алишева Р.Т. қабылданды.

2005 жыл. Кафедраға оқытушы доцент Түркменбаева Қ. қабылданды.

2006 жыл. Кафедраға оқытушы т.ғ.к. Алдашева А.А., оқытушы Кәрімов Д.Ж. қабылданды.

2007 жыл. Кафедраға оқытушы, туризм магистрі Мыркасымова Г.Н., оқытушы география магистрі Еркебеков А.Қ., оқытушы география магистрі Мандхай Э. қабылданды.

2008 жыл. Оқытушы Омаров Қ.М. кандидаттық диссертациясын қорғады. Кафедраға доцент, э.ғ.к. Соболева И.Я., оқытушы, экология магистрі Үсенов Б.М., оқытушы, экономика магистрі Калимбетов Е.А. қабылданды.

2009 жыл. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. Омаров Қ.М. тағайындалды. Кафедраға оқытушы, география магистрі Алиев М.Д., оқытушы, география магистрі Салимжанова Г.М. қабылданды.  Аға оқытушы С.К.Алшымбековтың «Экскурсиятану негіздері» атты оқулығы жарық көрді.

2010 жыл Кафедраның аға оқытушылары С.К.Алшымбеков және О.Г.Лютерович педагогика ғылымдары саласынан кандидаттық   диссертация қорғады

2011 жыл. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Сағындықов А.С. тағайындалды

         Қазіргі таңда туризм кафедрасы тәжірибесі мол туристік экскурсиялық мекемелермен және туристік фирмалармен тығыз жұмыс істеуде. Кафедра профессор оқытушы  құрамында, 1- туризм және спорт шебері, 12 экскурсавод және 5 тау туризм нұсқаушысы жұмыс атқарады.

          Негізгі бағыты туризм саласында жұмыс істей алатын теориялық және практикалық дайындықтан өткен  мамандарды даярлау. Практикалық тұрғыда мамандар өз бетінше, статистикалық т.б. материалдарды пайдалана отырып, талдау және  шешім қабылдауға дағдыландыру жолға қойылған. Кафедра оқытушылары ҚРЖМБ толып жатқан  кемшіліктерді  ескере отырып маман даярлауды жетілдіру жолдарын қарастыруда. Оқытушылар  сондықтанда  туризмнің педагогикалық  және географиялық  проблемаларымен  айналысады

Кафедрада Алматы қаласы әкімшілігімен бірлесе отырып, әдістемелік  экскурсиялық, нұсқаушылық орталық  ашылды.  Биылғы оқу жылында осы орталықтарымен 12 экскурсовод және 22 тау туризмінің нұсқаушысы дайындалды.

2012-2013 оқу жылындағы Туризм кафедрасы профессор-оқытушылардың сапалық құрамы

Кафедрада штатта жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 12

Ғылым  докторы, профессор м.а. - 1

Доценттер, ғылым кандидаттары - 6

ҚазҰПУ доценттері - 1

Аға оқытушылар -  6, соның ішінде география магистрлері- 1, экология магистрі - 1, туризм магистрі - 1

Оқытушылар - 1, соның ішінде экономика магистрі - 1

ПОҚ ғылыми дәрежесі және атағы барларының үлесі -   58,3 %.

а) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері - 1 (2012ж).