|
| |
Қазақстан географиясы және экология кафедрасы
Қазақстан географиясы және экология кафедрасы

Қазақстан географиясы және экология кафедрасының негізгі іс - қызметі педагогикалық бағыттағы 5В011600-география (экология, туризм және экономика негіздері), 6М011600-география, 6D011600-география; 5В060800-экология, 6М060800-экология бакалаврлары, магистратура және докторантураның жоғары білікті мамандарын даярлауға бағытталған.Кафедра географиялық бағытта - Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы, географияны оқыту әдістемесі, ландшафттану, жаратылыстану; экологиялық бағытта - экология және тұрақты даму, экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг, экологиялық білім беру, қоршаған орта туралы ілім және т.б. табиғат қорғау пәндері бойынша машықтық және педагогикалық іс - тәжірибелер мен олардың теориялық негіздерін оқып - тануға маманданған.
Академик Ә.С. Бейсенованың басшылығымен ғылыми - әдістемелік орталық жұмыс істейді. Ғылыми - зерттеу орталығының негізгі бағыты - географиялық және экологиялық саладағы ғылыми - зерттеу жұмыстарын, жобаларын жүргізу.
2017-2018 оқу жылындағы география және экология кафедрасы профессор-оқытушылардың сапалық құрамы Кафедрада штатта жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 14 Ғылым докторы, академик - 1 Ғылым докторы, профессорлар - 2 Доценттер, ғылым кандидаттары - 4 ҚазҰПУ доценті - 1 Аға оқытушылар - 3, аға оқытушы,магистр - 3
Кафедрада 2 - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері Д.Б. Джусупова және К.Ш. Бакирова жұмыс істейді. ПОҚ ғылыми дәрежесі және атағы барларының үлесі - 58,8%. Орташа жас - 52.
|