қазақша · русский · english
   
Кафедра тарихы

 

Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында
өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен
тәрбиелеуге міндетті

Мағжан Жұмабаев

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», - деп атап көрсетуі атадан - балаға мирас болып келе жатқан ұлттық мұрамызды жүйелеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалауды ұсынады. Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына Президенттің «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасында интеллектуалды ұлт әлеуетін қалыптастырудағы құндылық - инновациялық экономикалық даму үдерісіне, ақпараттық кеңістікті құру ретінде білім мен ғылым дамуына басымдық беріліп, қоғамдағы рухани - адамгершілік ізгіліктерді дамытуға бағыттайды.
Ұлттық тәрбие кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының бастамасымен және университеттің Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес (30.06.2009, №10 хаттама) негізі қаланған жаңа кафедра болып табылады. Ұлттық тәрбие кафедрасы университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты 1.09.2010 жылы «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның алдына қойған басты мақсаты - болашақ мамандарды кәсіби-тұлғалық даярлауда қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайының талбына сай, жоғары мектеп түлегін ұлттық сана-сезімі жоғары, өз елін сүйетін елжанды, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін және қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білетін тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.
Кафедраны алғаш п.ғ.д.,профессор, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген қайраткер Р.К.Төлеубекова басқарды. 2011 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., профессор, ХПБҒА-ның академигі С.Т.Иманбаева тағайындалды. Кафедрада алыс және жақын шетелдерге танымал, республикадағы педагогика ғылымының негізін салушы ғалымдар: п.ғ.д.,профессор, ЖҒА-ның академигі К.Қ.Жампейісова, п.ғ.д.,профессор Н.Н.Хан, п.ғ.д., профессор, ЖҒА-ның кореспондент мүшесі Р.А.Жанабаева, п.ғ.д., профессор, ХПБҒА-ның академигі А.Ж.Қайдарова, п.ғ.к., университет профессоры, ЖҒА-ның корреспондент мүшесі С.И.Қалиева, п.ғ.к., университет профессоры, ХПБҒА-ның корреспондент мүшесі А.Е. Берикханова, п.ғ.к., университет профессорлары Б.Т.Махметова, Г.К.Шолпанқұлова, Б.С.Сейдахметов, Д.Ә.Нұрғалиева, магистр Г.М. Әбжан, магистр аға оқытушы Г.А.Абылханова қызмет атқарады.
Кафедра бойынша «Ұлттық тәрбие негіздері: «Ұлттық тәрбие», «Әдеп», «Абайтану» және «Өзін-өзі тану», «Этнопедагогика» пәндері барлық факультеттің күндізгі және сырттай бөлімінде оқытылады. Ұлттық тәрбие пәнін оқытуға байланысты «Қазақстан Республикасының студент жастарына ұлттық тәрбие беру тұжырымдамасы», соны іске асыру барысында «Ұлттық тәрбие» пәнінің типтік бағдарламасы, оқу құралы дайындалып оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді. «Ұлттық тәрбие негіздері» пәнінің мақсаты- ұлттық тәрбиенің ғылыми әдіснамалық негіздерін айқындай отырып, студент жастарда ұлттық сананың жоғары деңгейін, нәтижелі шығармашылық іс-әрекетке дайындығын, өзіне басқа мәдениетті түсіну және құрметтеу сезімі дамыған, әлемде әр түрлі ұлт және сан алуан діни сенімі бар адамдармен өмір сүре білуді енгізетін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылы №532 бұйрығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанынан ұлттық тәрбие бойынша республикалық үйлестіру Кеңесі құрылып және оның құрамы бекітілді.
Ұлттық тәрбиеге байланысты дискуссиялық клубы құрылды және «Ұлттық тәрбие» журналы жарыққа шықты.
Ұлттық тәрбие бойынша Республикалық үйлестіру Кеңесінің ұйымдастыруымен «Балабақшаларда ұлттық тәрбие беру мәселелері» (2009ж.) «Мектепте ұлттық тәрбие беру» (2010 ж.), «Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие беру» (2012ж.), «Жоғары оқу орындарында болашақ маман тұлғасының интеллектуалды әлеуетін дамыту: мәселелер, ізденістер, болашағы» (2013ж.), «Қазақ елі жобасы -жаңа заман талабы»(2013) атты республикалық деңгейде ғылыми-практикалық семинарлар ұйымдастырылды.
«Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасы университеттің барлық
бөлімшелерімен М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану», «Абайтану» орталықтарымен тікелей шығармашылық байланыста жұмыс атқарып отыр.
Ұлттық тәрбие - ұлттық мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, қазақтың ұлттық келбетін қалыптастырудың мәдени-тарихи алғышарттары: ұлттық тіл, ұлттық сана, ұлттық дәстүр мен парыз - ұлттық тәрбиенің өзегі, қазақ халқының мәдениеті - ұлтты, Қазақстан этностарын біріктіруді нығайтатын орталық, әлемдік мәдениет - ұлттық тәрбиенің негізін қалаушы, ұлтаралық және конфессияаралық келісім - қазақстандық қоғам тұрақтылығын сақтап дамытудың бірден - бір құралы болып табылады.