Оқу -әдістемелік қызмет
Оқу жылының басында оқу жүктемесін жоспарлау университеттің стандартына сай бекітілген оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады. Кафедра бойынша бірінші семестрде «Ұлттық тәрбие: Әдеп негіздері мен «Абайтану» пәні 1-курс студенттеріне, екінші семестрде ««Ұлттық тәрбие негіздері», «Өзін-өзі тану», «Этнопедагогика» барлық факультеттің күндізгі және сырттай бөлімінде 2-курс студенттеріне оқытылады. Кафедра пәндері төмендегідей сағатпен жүргізіледі: «Ұлттық тәрбие: Әдеп негіздері мен Абайтану» пәндерінің әрқайсысына 1 кредит, 45 сағаттан берілген, оның 15 сағ. семинар; 15 сағ. СОӨЖ; 15 сағ. СӨЖ. «Ұлттық тәрбие негіздері», «Өзін-өзі тану» ,«Этнопедагогика» пәндерінің әрқайсысына 2 кредит, 90 сағат, оның 15 сағ. дәріс, 15 сағ. семинар, 15 сағ. СОӨЖ, 30 сағ. СӨЖ. Кафедра оқытушылары университет бойынша барлық факультеттің топтарына (қазақ және орыс тілінде) сабақ береді. Сондықтан оқу үдерісінде инновациялық технологиялар қолдану үрдісі білім жүйесінің жаңа талаптарымен сабақтасуы керек. Кредиттік жүйеде оқу үдерісін қажетті ақпарат көздерімен, атап айтқанда, оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәні бойынша дайындалған әдістемелік құралдармен, электрондық оқулықтармен, желілі білім беру мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз ету оқытушыларға көптеген міндеттер жүктейді. 2012-2013 оқу жылының 1-ші жарты жылдығында Ұлттық тәрбие: «Әдеп негіздері» мен «Абайтану» (2 кредит) барлық факультеттерде факультативтік сабақ түрінде өткізілді. Талапқа сай екі аралық бақылау (АБ-1, АБ-2) және қорытынды бақылау ауызша емтихан түрінде өткізілді. Кейбір факультеттер мамандықтың оқу жоспарына енгізілгендіктен, мысалы, тарих факультетінің «5В020300-тарих» мамандығында РУП-қа сай өткізілді. Оқу-әдістемелік үдерісі Кафедрада оқу-әдістемелік кеңес жұмыс істейді, оның құрамы 5 адамнан тұрады: Иманбаева С.Т., Қалиева С.И., (төрайымы), Хан Н.Н., Кенжеғараев Н.Ж., Нұрғалиева Д.А. (хатшы). Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану кафедрасының 2012-2013 жылындағы кешенді жоспары, кафедра мәжілісінің жоспары; кафедраның әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары; әдіснамалық семинар қызметі туралы; кафедра пәндері «Ұлттық тәрбие: «Әдеп негіздері», «Абайтану»», «Өзін-өзі тану» (педагогикалық мамандықтар үшін), «Өзін-өзі тану» (педагогикалық емес мамандықтар үшін) бойынша оқу жұмыс бағдарламасы, силлабустары, оқу-әдістемелік кешендері (ОӘК, ОӘК БА); профессорлар мен мұғалімдердің кәсіби білімін көтеру графигі; кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары; кафедраішілік бақылау және ашық сабақтар, өзара қатысу графигі; тәрбие жұмысының жоспары; СМЖ-ң іс-шаралар жоспары; кафедра бойынша жұмыс істейтін «Қырмызы қыздар-ай» үйірмесінің жұмыс жоспары бекітілді және сол бағытта 1-ші жарты жылдықта жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылды. ОӘК мәжілісі 2 айда бір рет өткізіліп отырылады. Оның мәжілісінде: кафедра пәндері бойынша жұмыс бағдарламалары, силлабустары; ауызша емтихан сұрақтарын құрастыру және тағы да басқа мәселелер талқыланады; сонымен қатар озық әдістерді, тиімді тәжірибелерді зерттеу, меңгеру, үлгілі сабақ, ашық сабақтарды өткізу, талдау, әдістемелік көмектер көрсету, кабинетті дидактикалық көрнекі құралдармен жабдықтау, тәжірибе алмасу мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастыру, ұлттық тәрбиеге арналған өзекті мәселелер қаралып отырады. Жаңа 2012-2013 оқу жылының басында кафедра оқытушылары «Ұлттық тәрбие негіздері» пәнінен жаңадан шыққан типтік бағдарламаның негізінде оқу жұмыс бағдарламасы мен силлабустарын жасап, дәрістер дайындалды, бұл жұмыстар кафедраның мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Кафедраға 2012-2013 оқу жылында жаңа пән «Этнопедагогика» (2 курс, 2 кредит) берілді, ол барлық факультеттердің педагогикалық мамандықтарында жүргізіледі. Ол пән бойынша да оқу жұмыс бағдарламасы мен силлабустарын жасалынып, дәрістер дайындалды. Биылғы оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәні 2 курсқа ауыстырылды. Жаңа оқу жылында оқылатын пәндер бойынша ОӘБ-тегі СОӨЖ және СӨЖ-ні жүргізу мақсатында оқу-әдістемелік материалдарды (емтихан сұрақтары, қосымша хрестоматиялық материалдар) іріктеліп, дидактикалық материалдар дайындалды. СМК талаптарын ескере отырып, емтихан билеттерінде 3 сұрақтан енгізілді. Осы оқу жылында І жарты жылдығының оқу жүктемісі толығымен орындалды. Жоспарланбаған қосымша сағаттар күндізгі және сыртқы бөлім бойынша қазақ бөлімдерінде көптеп кездесті. Сабақ өткізу кафедраның ішкі бақылауы бойынша жүргізіліп отырады. Оған себеп деканат тарапынан сабақты өткізілмей қалмауы немесе сабаққа кешігіп келуі жайында ескертулер болған жоқ, яғни оқытушылар тарапынан жауапкершілікпен қарағандығы дәлел бола алады. Сабаққа өзара қатысу немесе ашық сабақ жүргізу оқу-әдістемелік кешенінің жоспарланған кестесімен өткізілді.
|