қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

 

««Мәңгілік Ел»Ұлттық идеясы ҚР жоғары білім беру жүйесін құраушы факторы ретінде: оны жүзеге асырудағы мәселелері мен болашағы» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2016 жылдың 26-27 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, п.ғ.д., профессор Г.А. Умановтың 85 жылдығына  арналған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

2016 жылдың 22 желтоқсанында  Ұлы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған «Жүсіп Баласағұн: гуманистік педагогика негіздері және заманауи білім беру» Халықаралық Дөңгелек Үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына TURKSOY Халықаралық Түркі Мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов қатысты.

бейнеге сілтеме

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогика» - кафедрасының ұйымдастыруымен әдістемелік семинар болып өтті. Әдістемелік семинарда   п.ғ.к   қауымд.   профессор  Сайдахметов Бауыржан Сейтбекұлы қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болу;                                                                                      

әдістемелік  жұмыстың  тиімділігін  қамтамасыз ететін білім  берудегі иновациялық үдерістерге қолдау көрсету;

«оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді  сабақ барысында кеңінен  пайдаланып, педагогикалык  тәжірбелерін бағалауға  көмектесу мақсатында «Жоғарғы оқу орындарында  диалогты  оқытудың технологиясы» атты тақырыпта семинар трениниг өткізді. 

Сайдахметов Б.С тыңдаушыларды топтың жұмысы арқылы белсенді жұмыс істеуге жұмылдыра білді. Сондай-ақ  диалогтың  оқытудың маңызына тоқтала келе;                                                                                                                                  

Жақын арадағы даму аймағы   (ЖАДА)                          

-Белсенді және белсенді емес сынып;

-Сұрақ қоюдың деңгейлері мен түрлеріне; 

-Әңгіменің үш түріне( Мерсер 2000); 

-Сұрақ қою арқылы қол жеткізетін нәтеже; 

-Өзіндік  рефлекция жасауға арналған сұрақтар тізбегі; 

-мұғалімдердің жауап алудағы кейбір жиі кездесетін қателері жөнінде кеңінен талқылап, кәсіби пікір таластар болып семинар өте жоғары   деңгейде өтті. 

бейнеге сілтеме

2016 ж. 5 қазанда кафедрада Ұлттық ақпараттандыру орталығынан  шақыртылған  п.ғ.д., профессор  Г.К.Нургалиеваның  қатысуымен «Цифровой контент как условие перехода на инфокоммуникационную парадигму обучения» тақырыбында  ғылыми-әдістемелік семинар  өткізілді. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы  сандық білім беру ресурстары мен электронды оқулықтарды  дайындау ерекшеліктерімен тереңінен танысты.

2016ж. 19 желтоқсанда кафедрада кәсіби даму институтының директоры, п.ғ. к., профессор Коломиец Ольга Михайловнамен (Москва, Ресей) ғылыми-әдіснамалық семинар  жүргізілді. Семинарға қатысушылар «Преподавательская деятельность, ее функции и результаты» тақырыбында жүргізілген дәріс негізінде білім алушылардың  оқу-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруды жобалау, білім беру нәтижелерін бағдарлау сұлбалары мен олардың мазмұнын құрылымдау мәселелерімен танысты.

 

    2017 ж. 23 қаңтарда кафедрада «Action Research кәсіби практиканы зерттеу  формасы» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өткізілді.  Семинарды жүргізген п.ғ.к., доцент, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры А.Е. Берикханова. Семинар интербелсенді оқыту  әдістерін пайдалану негізінде тренинг түрінде жүргізілді. Соның нәтижесінде профессорлық-оқытушылар құрамы  кәсіби дамуды «Action Research» негізінде жетілдіру  сұрақтарын талқылауға белсене қатысты. Педагог-практиктің Іс әрекеттегі зертттеуі оның өз тәжірибесін  жетілдіру мақатында  өзіндік рефлексиялық зерттеу үрдісіне  қатысуын қамтиды.  

бейнеге сілтеме

 Семинарда  ғылым басқармасының  бастығы Баймурат Ермаганбетович Оспанов

 

2017 ж. 13 ақпанында «ЖОО-да диалогтық оқыту технологиясы»  тақырыбында  ғылыми-әдістемелік тренинг жүргізілді. Тренингті жүргізген  п.ғ.к.,  абай ат.ҚазҰПУ профессоры Б.С.Сайдахметов. Барлық  қатысушылар  диалогтық оқыту техологиясының стратегияларымен тереңінен танысып,  оларды  қолдану  әдістемесін іс жүзінде меңгерді.