Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
12.12.2019
«Қазіргі білім беру трендтері» халықаралық дөңгелек үстелі
Профессор Р.М. Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғыртудағы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» тақырыбында халықаралық фестиваль өтті. Фестиваль аясында 11 желтоқсан күні «Қазіргі білім беру трендтері» халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде қазіргі білім беру модельдері, қазіргі білім беру трендтері, білім беру саласындағы өзгерістерге мектеп мұғалімдерінің даярлығы, сондай-ақ педагогикалық ЖОО-дары жағдайында бәсекеге қабілетті педагог даярлау мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға бағытталған алғашқы сөз Педагогика және психология институтының директоры, п.ғ.д., профессор Б.А. Әлмұхамбетов пен ғылым департаментінің директоры С.К. Сахиевке берілді. Қазан Федералдық университетінде педагог кадрларды даярлау мәселесі бойынша Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, профессор В.Г. Закирова өз тәжірибесімен бөлісті. Гроднен мемлекеттік университетінің өкілдері, доцент Е.Н. Лапковская, доцент И.И. Капалыгина, аға оқытушы С. Гринько педагогикалық сыныптарда білім алушыларға арналған «Ұстаз NEXT» Профильді сауықтыру лагері» жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен, бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық қауіпсіздігі ерекшеліктері, қазіргі ЖОО-дағы білім беру жүйесі жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастыру жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Мәскеу қалалық университетінің профессоры, п.ғ.д. М.А. Романова STEM-білім беру жобасын жүзеге асыру жағдайын таныстырды. БОПӘ кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. С.А Нұржанова мобильді білім беру, түрлі ғаламтор-бағдарламаларының мүмкіндіктері жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. Біздің кафедрамыздың түлегі, қазіргі кезде М.Бегалин атындағы №120 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н. Дерикошма қазіргі оқушы - өз білімінің авторы моделі қалыптасатын мектеп зертханаларының жұмысы жөнінде айтып өтті. Онымен бірге әріптесі А.О. Қасымбекова да баяндама жасады. А.А. Кдырбаева дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қазіргі білім берудің шеңбері жойылуда екендігін жеткізді. Әр елдің оқытушылары мен білім алушылары өз тәжірибелерімен, оқыту әдістерімен, тиімді жобаларымен бөлісті. Л.А. Лебедева, Е.В. Рябова дөңгелек үстел модераторлары қызметін атқарды. Сондай-ақ аталған шараның өтуіне студенттер, магистранттар және докторанттар мол үлес қосты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|