қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2019

«Р.М.Қоянбаев атындағы үздік топ» конкурсы

 

2019 жылдың 10 желтоқсанында Педогогика жəне психология институты «Бастауышта оқыту педогогикасы мен əдістемесі» кафедрасында 1-2 курс студенттері арасында «Р.М. Қоянбаев атындағы үздік топ» конкурсы өтті. Конкурс ұстаз, ғалым, профессор Р.М. Қоянбаевтың 80 жылдығына арнаған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми фестивалінің аясында өткізілді.

 

Конкурсты «Бастауышта оқыту педогогикасы мен əдістемесі» кафедрасының оқытушылары А.С Тазабекова, М.Т. Бекбаева, А.И. Сафарғалиева және Р.С Исмагулова ұйымдастырды, Ал топтарды даярлау топ тәлімгерлеріне жүктелді. Байқауға 11 топ қатысты:

«Звездочки» тобы (1курс 4 жылдық, орыс б., Акпаева А.Б.)

«Прогресс» тобы (2 курс 4 ж., Сафаргалиева А.И, Лебедева Л.А.)

«Пчелки» тобы (1курс 3ж., орыс б., Искакова Л.М, Бекбаева М.Т)

«Сириус» тобы (1 курс 1 топ 4ж., Абдыкадыров А.)

«Жалын» тобы (1курс 2 топ 4ж., Камза Г.Б.)

«Лаула» тобы (2 курс 1 топ, Тазабекова А.)

«Мамандығым мақтанышым» тобы (2 курс 2 топ, Сартаева Н.)

«Зеректер» тобы (1курс көптілді топ, Исмагулова Р.С.)

«Тек қана қыздар» (1к 3ж., Искакова Л.М.)

«Звезда» тобы («Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығы)

«Тәрбиеші педагог» тобы («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы)

 

Конкурста студенттер профессор Р.М. Қоянбаевтың өмірі мен еңбек жолын, ғылымдағы шығармашылығы мен жетістіктерін, өз өнерлері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Конкурсқа профессор Амина Амирова төрелік етті, әділ қазылар арасында теле жүргізуші Нұрлан Қоянбаев болды.

 

«Р.М.Қоянбаев атындағы үздік топ» конкурсының жеңімпазы «Лаула» тобы атанса, «Зеректер» тобы «Шығармашыл топ» номинациясын, «Прогресс» тобы «Ізденімпаз топ» номинациясын, «Жалын» тобы «Өнерпаз топ» номинациясын иеленді, өзге топтар белсенділіктері үшін сертификаттармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу