қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2019

Профессор Р.М.Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Танымы терең тағылымды тұлға» тәлімгерлік сағат

 

2019 жылдың 3 желтоқсан күні Педагогика және психология институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында профессор Ромсейіт Мұқтанұлы Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығы: теория және практика» атты халықаралық ғылыми фестивалі аясында аға оқытушы Абдықадыров Айдос Отарұлы 1-курс студенттерімен «Танымы терең тағылымды тұлға» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізді.


Тәлімгерлік сағат ғылым мен білім жолында өшпес із қалдырған ғалым-ұстаз Р.М.Қоянбаевтың есімін 1-курс студенттеріне танытып, тағылымды өмір жолын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


Бүкіл саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнаған, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының негізін салған, отандық педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан профессор Ромсейіт Мұқтанұлы Қоянбаевтың тұлғасы әр қырынан таныстырылды. Студенттердің ғалым-ұстаз жайлы түйген ой-пікірлері тәлімгердің ұйымдастырған ойын-жаттығуларында ортаға салынды.


Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Ыдырысов, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті Әскен Маханова, аға оқытушысы Гаухар Камза қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу