қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2019

Ұлы адам...


2019 жылы 3 желтоқсанда Педагогика және психология институтының Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында «Ұлы адам...» атты тәлімгерлік сағат 2 және 3 курс студенттерімен аға оқытушы Бекбаева Мариям Темиргалиевна өткізді.

 

Бұл іс-шара белгілі педагог, профессор Ромсеит Мұхамеджанұлының 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» Халықаралық ғылыми фестивалі аясында ұйымдастырылды.

 

Тәлімгерлік сағатының мақсаты - студенттерге Р. М. Қоянбаевтың өмірі мен шығармашылығы, ғылымдағы жетістіктері туралы айту. Кездесуге ғалымның жұбайы Қалдан апай, әріптестері Кдырбаева А. А., Маханова А. К., Р. М. Қоянбаевтың шәкірттері Айтпаева А. К., Лебедева Л. А. қатысты.


Тәлімгерлік сағат барысында қазіргі буын студенттері мен Р. М. Қоянбаевтың шәкірттері арасында жарыс түрінде викторина өткізілді. Қатысушылар ерекше қызығушылық танытты.


Тәлімгерлік сағат сонында 2 курс студенті Лаврова Мария қазақ тілінде Ромсейт Мұхамеджанұлына Арнау арнады.

 

   

 

   




Кері оралу