қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2019

Профессор Р.М.Қоянбаев -Қазақстан Республикасы педагогтары ұрпағының бейнесі

 

2019 жылдың 25 қарашасында Педагогика және психология институтында Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы орыс бөлімі 1-студенттерімен «Профессор Р.М.Қоянбаев-Қазақстан Республикасы педагогтары ұрпағының бейнесі» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді.


Мақсаты: профессор Р.М. Қоянбаевтың мұралары жайлы білу. Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесіндегі ұрпақтар сабақтастығын көрсету.


Іс-шараның форматы: Р.М.Қоянбаевтың мұраларын жалғастырушылар, профессор Азаткүл Кдырбаева мен доцент Лариса Лебедевамен кездесуі. Пікірталас модераторы - топ тәлімгері доцент Әсел Ақпаева.


Әсел Ақпаева студенттерге үстіміздегі жылдың 12 желтоқсанында біздің жоғары оқу орнымыздағы Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының негізін салушы деп заңды түрде саналатын, тамаша адам Ромсеіт Қоянбаевтың туғанына 80 жыл толатынын айтты. Оның біздің арамызда болмағанына, міне, 10 жылдан астам уақыт өтті. Студенттер ол кісі туралы көбірек білулері үшін іс-шараның қонақтарына түрлі сұрақтар қойды. Студенттер факультеттің тарихы, профессор Р.М. Қоянбаевтың еңбектері туралы көптеген сұрақтар қойды.

 

Содан соң «Менің мамандығым - педагог» атты эсселер конкурсының жеңімпаздарымен сұқбат жүргізіліп, олар марапатталды. Малика Баудинова, Шахризада Зейналлова 2 және 3-орындарды иеленді. Кездесу соңында модератор Әсел Ақпаева бүгінгі кездесу жайлы блиц-сұрақтар қойды. Студенттердің берген жауаптарынан бірінші курстықтардың сұрақтарға жауаптарын мұқият талдағандарын көруге болса, ал Р.М.Қоянбаевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі, қазіргі таңдағы оның мұраларының маңыздылығы жайлы пікірталас нәтижелі болғандығын көрсетті.

 

   

 

   




Кері оралу