Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
24.09.2019
Тіл білу - табысқа жету кілті!
Жастар арасындағы көптілділікті дамыту, оларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, рухани-адамгершілік, көпмәдени тұлға қалыптастыру арқылы Еліміздегі тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Педагогика және психология институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында 2 курс эдвайзері Айгүл Сафаргалиеваның жетекшілігімен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылған «Туған тілдің дамуымен мен де дами түсемін!» салтанатты шарасында 2 курс студенті Мария Лаврова қазақ тілінде Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқып, үздік қатысушы атағына ие болды.
Барлық ұлттың мәдениеті мен тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Тіл білу - табысқа жету кілті!» тақырыбында слайдтар байқауы ұйымдастырылды, оған 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс білім алушылары қатысты.
2019 жылдың 23 қыркүйегінде «Тіл білу - табысқа жету кілті!» әдеби-сазды іс-шарасында 1-4 курстың қазақ, орыс тобы студенттері, сондай-ақ «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көп тілді білім берумен» жаңа мамандандыру бойынша білім алатын 1 курс студенттері өздерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетіндерін байқата алды. Ұйымдастырушылар - 1 курс 3 жылдық оқу тобы студенттері Ақтолқын Оразымбет, Азизам Илахунова, Зарина Селимова, Камилла Сағымжанова, Марина Саиполдаева, Елена Школдина, Карина Шалапанова.
Іс-шараға қатысқан, сөз сөйлеген кафедра профессоры Азатгуль Кдырбаева, 2 курс эдвайзерлері Айгүл Сафаргалиева (орыс тобы) және Назгүл Сартаева (қазақ тобы) халықаралық интеграция мен жалпыәлемдік коммуникация аясындағы өзгермелі талаптар жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеудің негізі болып табылатын үш тілді еркін білудің қажеттілігін атап өтті. Білім алушылар байқауларға (қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі өлеңдер мен жыр шумақтары), интеллектуалды ойындарға, викториналарға, тіл марафондарына, ертегі түріндегі театрландырылған қойылымдарға және т.б. белсене қатысты.
Байқаулардың ең белсенді қатысушылары (Мария Лаврова, Айнур Омар, Малика Баудинова) сертификаттармен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|