қазақша · русский · english
 
 
 
11.06.2019

Түлектердің зерттеу жұмыстары


Диплом жұмысы - білім алушының 4 жыл бойы алған білімі мен тәжірибесінің нәтижесі. «5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы күндізгі оқу бөлімінің 4-курс студенттері биылғы оқу жылында да диплом жұмысын жазуға және оны қорғауға аса жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жүргізгені байқалады. Мәселен, Айжан Отарғажиеваның дипломдық жұмысы математика сабақтарында электронды оқыту құралдарын пайдалануға, Айгерім Нұрұмбетованың зерттеуі математика сабақтарында топтық жұмыстарды ұйымдастыруға, ал Мақпал Манаптың зерттеу жұмысы математика сабақтарында модель түрлерін қолдану мәселесіне арнап, өз зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар мен элеқтронды оқулық жасап ұсынған.

 

   

 

   




Кері оралу