қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2019

«Сабаққа презентация» халықаралық конкурсы

 

22 мамырда Педагогика және психология институтының Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі кафедрасының (ұйымдастырушысы - педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Екатерина Рябова) ұйымдастыруымен өткізілген «Сабаққа презентация» халықаралық конкурсының қорытындысы шығарылды.


Жылдан жылға бұл байқаудың ауқымы кеңіп, номинациялары көбейе түсуде. Оған дәлел осы жылғы байқауға Волгоград әлеуметтік-педагогикалық, И.С.Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік және Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеттерінің студенттері өздерінің әзірлемелерін жіберуі. Сонымен қатар тағы бір ерекшелік «АКТ сабақтарына ең үздік презентация» номинациясының қосылуы. Қазылар алқасының мүшелері (кафедра оқытушылары және жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері- Л. Б.Карамергенова, М.Н. Дерикошма, А.В. Кондрашова, Е. Бапиева, М.А. Турымбетова) байқауға ұсынылған жұмыстардың өте жоғары деңгейде орындалғандығын атап өтті. Бұдан болашақ педагогтарымыздың өздерінің кәсіби тұрғыдан өсуіне қызығушылық танытып отырғандығын көруге болады. Осы тұрғыдан алғанда бұл байқаудың олар үшін көмегі зор екені айқын.

 

Аталмыш халықаралық байқауға студенттерді жоғары кәсіби деңгейде дайындағандары үшін Абай атындағы ҚазҰПУ доценттері Әсел Акпаеваға, Лариса Лебедеваға, аға оқытушылар Екатерина Рябоваға және Ардақ Тазабековаға алғыс білдіреміз.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!:

1. «Математика сабағына ең үздік презентация» номинациясы бойынша:

І дәрежелі диплом - БОПӘ мамандығының 3-ші курс студенті Виктория Филатова.

ІІ дәрежелі диплом- БОПӘ мамандығының 1-ші курс (3ж.) студенті Гулим Мулдабекова.

2. «Орыс тілі сабағына ең үздік презентация» номинациясы бойынша:

ІІдәрежелі Диплом-Стригина Надежда, БОПӘ мамандығының 1-ші курс (3ж.) студенті.

З. «Дүниетану сабағына ең үздік презентация» номинациясы бойынша:

І дәрежелі Диплом-Хейроева Руфина, БОПӘ мамандығының 3-ші курс студенті.

ІІ дәрежелі Диплом-Хелимахунова Сабина, БОПӘ мамандығының 3-ші курс студенті.

ІІІдәрежелі Диплом-Белова Наталья, БОПӘ мамандығының 3-ші курс студенті.

4.«Жаратылыстану сабағына ең үздік презентация» номинациясы бойынша:

ІІ дәрежелі диплом-БОПӘ мамандығының 3-ші курс студенттері Малика Джакупбекова және Анна Янина.

ІІ дәрежелі диплом - БОПӘ мамандығының 1-ші курс (3ж.) студенті Камила Әшім.

ІІІ дәрежелі диплом-БОПӘ мамандығының 3-ші курс студенті Анна Янина.

Биыл аталмыш номинацияда бірінші орынды SILKWAY Халықаралық университетінің студенті Муниса Мирхаджиева иеленді.

5. «Әдебиеттік оқу сабағына ең үздік презентация» номинациясы бойынша:

І дәрежелі диплом- БОПӘ мамандығының 1-ші курс (3ж.) студенті Асылжан Советканова.

6. «Акт сабақтарына ең үздік презентация» номинациясы бойынша 2 студенттің жұмыстары жоғары деп бағаланды. Олар 1-ші курс (3ж.) студенттері Надежда Стригина мен Мадина Қайржанова. Қазылар алқасының мүшелері бірауыздан бұл екі жұмысты жоғары деңгейде бағалап, І дәрежелі дипломмен мараппаттауды дұрыс деп шешті.

 

   

 

  




Кері оралу