қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2019

Бастауыш білім берудегі STEM-нің рөлі

 

Ғылым онкүндігі аясында Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-2 курс магистранттарының және жетекшісі PhD доктор, аға оқытушы Эльмира Уайдуллақызының ұйымдастыруымен «Бастауыш білім берудегі STEM-нің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

STEM (science, technology, engineering, mathematics) салалары бойынша магистранттар дөңгелек үстелде әр ұғымның мәнін жан-жақты ашып, жоғары деңгейде талдап берді.

 

Дөңгелек үстелге кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Азия Жұмабаева, доценттер Ақтоты Ақжолова және Асел Ақпаева қатысты.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу